Хабарландырулар

 

«Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға (жалгерлікке) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысында қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру тәртібі айқындалған.

Қорғаныс объектілерінің тізбесі мерзімді баспа басылымдарында жарияланады. Мүліктік жалға берілетін (жалгерлікке берілетін) қорғаныс объектілері туралы хабарламаларды қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз: Қорғаныс объектілерін жалға алуға беру жөніндегі хабарландыр 

*** 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін өткізу бойынша электрондық сауда-саттықтың өткізілетінін хабарлайды, ол 2018 жылғы 22 мамырда сағат 10:00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкін өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық сауда-саттыққа қойылатын пайдаланылмайтын әскери мүлік жөніндегі толық ақпарат (сауда-саттық шарттары және үлгілері) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған.

Электрондық сауда-саттық өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 24-94-52, факс: 90-10-66, email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Сауда-саттыққа қатысушылар www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі
веб-порталынның жеке кабинетінде міндетті түрде өзекті ақпаратты көрсетуі қажет: тұрғылықты жері, электрондық поштасы мен телефон нөмірлері.

***

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top