Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары

Базарбеков Талғат Қайырбайұлы

1962 жылғы 9 мамырда дүниеге келген.

1984 жылы Павлодар индустриалды институтын аяқтаған, инженер – электрик.

1990 жылы КСРО Ф.Э. Дзержинский атындағы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебін аяқтаған, ағылшын тілі білімі бар заңгер.

1984-1987 ж.ж. электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтер, Павлодар химия зауытының хлор өндіру комсомолы комитетінің хатшысы;

1987-1988 ж.ж. – комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы, Павлодар қалалық комсомол комитетінің жұмыс жастары және ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің меңгерушісі;

1988-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған;

2017 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Импорт департаментінің директоры;

2017 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары;

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Top