Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді нығайту

2019 жылы 7 тамызда «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-да «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының төрағасы Р. Нұрғазиновтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді нығайту» тақырыбында дәріс өтті.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде Р. Нұрғазинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа ережелерін таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған қабылданған заңдардың маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендету тетіктері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту тәжірибесі көрсетілді.

 

Top