armyrecognition.com порталы 2018 жылғы 21 ақпанда Үндістан Қорғанысын әскери қамтамасыз ету кеңесінің (Defence Acquisition Council, DAC) Sarath ЖЖМ-ні сатып алуға 9,2 млрд. рупий ($150 млн.) бөлуді мақұлдағандығын хабарлайды.

"Военный Паритет" 2018 жылғы 12 ақпанда – The Baltic Times газетінің хабарлауынша Латвия қорғаныс министрі EuroSpike GmbH неміс компаниясымен Израильда жасалған Spike ТҚЗК-ны сатып алу туралы келісімге қол қояды. EuroSpike еуропалық клиенттер үшін Spike зымырандарының топтарын сату жөніндегі негізгі мердігер болып табылады.

Финляндия қорғаныс министрі Юссии Ниинисто 2018 жылғы
8 ақпанда Финляндияның
Вуосаари портына (Хельсинки) Оңтүстік Кореяның 155 мм/52 K9 Thunder өздігінен жүретін гаубицаларының (финдік Moukari) алғашқы партиясы келді деп хабарлады.

"Тбилавиастроителе" АҚ-да жиналған "Дже-31 Бора" атты Су-25 жаңғыртылған шабуылдаушыларды грузия Афирика мен Азиядағы сатып алушыларға бір данасы үшін 20-25 млн. АҚШ долларына ұсынуға ниетті.

"Военный Паритет", 2018 жылғы 7 ақпан China National Aero-Technology Import & Export Corporation компаниясы Сингапурдағы авиасалонда жаңартылған Shaanxi Y-9E көлік ұшағының нұсқасын көрсетті.

Израиль армиясын ұзаққа ататын зымыран артиллериясымен жарақтандыру жоспарлануда. 2018 жылғы 4 ақпанда armyrecognition.com порталы Израильдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман әскери ведомствоға кеңейтілген ауқымдағы жаңа зымырандарды әзірлеуді тапсырғанын хабарлады.

Словакия Қорғаныс министрлігі ескірген ресейлік МиГ-29 ауыстыру бағдарламасы шеңберінде америкалық F-16 және шведтік "Грипен" жойғыштарын сатып алу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде.

REGNUM веб-ресурсының хабарлауынша 2018 жылғы 28 қаңтарда Гюмри қаласында (Армения) Армия күнінің құрметіне өткен Армения Қарулы Күштерінің техникалары мен қару-жарақтарының көрсетілімі барысында, ресейлік өндірістің 9K129 «Корнет-Э» танкіге қарсы зымырандық кешендері (ТҚЗК) бірінші рет көрсетілді.

CS / VN3 Dajiang - «Дракон» жеңіл брондалған автокөліктердің кезекті тобы Минскіге Қытайдан арнайы рейспен келді. Бұл туралы Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігінің «VoentTV» телеарнасы хабарлады.

ӘҚСТО, 19 қаңтар. Катар үкіметі BAE Systems британдық компаниясынан сатып алынатын "Хок" оқу-жаттығу ұшақтарының санын көбейтуді жоспарлап отыр,- деп хабарлады Катардың қорғаныс министрі Халед бин Мохаммед аль-Аттия.

Үндістан қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясының елдің ӘӘК үшін әуе бомбаларын сатып алу туралы ұсынысты мақұлдады.