ӘҚСТО, 2017 жылғы 25 желтоқсан.

Вашингтон Украинаға оның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауды қамтамасыз ету үшін «қорғаныс» қаруын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы а.ж. 22 желтоқсанда Мемлекеттік департаментінің өкілі Хезер Науерт айтты деп «РИА Новости» агенттігі хабарлады.

Чехия армиясы дрондар сатып алу бойынша масштабты бағдарламаны бастады. 2017 жылғы желтоқсанда armyrecognition.com порталы Чехия Қорғанысминінің ScanEagle американдық ұшқышсыз аппараттарын сатып алғаны туралы мәлімдеді. Чехия Қорғанысмині армиялық ұшқышсыз аппараттарға 1 млрд Чехия кронын ($47 млн.)

Іске қосу қондырғысы бар ScanEagle ұшқышсыз аппараты

Алғашқыда Чехия әскерилері ScanEagle барлау дрондарын алады. 2019 жылы жеткізу жоспарлануда, келісімшарт құны $9,3 млн құрайды.

Чехия солдаттары ендігі ScanEagle дронымен таныс, себебі АҚШ ұсынатын ұшқышсыз аппараттарды Ауғанстандағы «Шешімді қолдау» НАТО миссиясы шеңберінде пайдаланады. Алдағы уақытта Чехияның әске ведомствосы соққы беру дрондарын да сатып алуды жоспарлауда.

ScanEagle дроны Boeing және Insitu компанияларының бірлескен әзірлемесі болып табылады. ScanEagle дронының бірінші прототипі 2002 жылы әуеге көтерілген, ал екі жыл өткен соң Ирактағы жауынгерлік қозғалыстарға қатысқан АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің корпусы бөлімшелерінің құрамында тестілеуден өтті. Ұшқышсыз аппарат ресми түрде Америка армиясының қарулануына 2005 жылы қабылданды және барлауға, алаңды қадағалау және нысананы көрсетуге арналған.


Ақпарат көзі: https://vpk.name/news/200153_chehiya_vooruzhaetsya_amerikanskimi_bespilotnikami.html

Литваның Ұлттық қорғаныс министрлігі ағымдағы жылғы
15 желтоқсанда елге алғашқы екі дөңгелекті формуласы 8х8 «Вилкас» оқу-жаттығу броньды машинасының (ұлттық белгісі «Боксер» ББМ) келіп жеткені туралы жариялады.

Нидерландыдан сатып алынған жаяу әскер жауынгерлік машинасының (ЖӘЖМ) екінші партиясы Эстонияға келді деп хабарлады республиканың Қорғаныс күштерінің бас штабы жексенбі күні.

Әлемдегі ең ірі әскери-өнеркәсіптік компаниялар 2016 жылдың қорытындысы бойынша сату көлемінің өсуі туралы есеп берді. Топ-100-ге кірген корпорациялардың жалпы кірісі $ 374,8 млрд. құрады.

Ереван. 5 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-АВН - Армения мен Ресей ресейлік қаруды жеткізу үшін қорғаныс несиесі аясында үш келісімге қол қойды деп мәлімдеді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Артак Закарян.

Бұл туралы Польшаның Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Бартош Ковнатский Defense News апталығына берген сұхбатында хабарлады.

Румыния Қорғаныс министрлігі Patriot зымыран кешенің жеткізу үшін Raytheon (АҚШ) компаниясымен келісімшартқа қол қойды.   

Www.vesty.co.il (28.11.2017) ресурсының ақпаратына сәйкес, «Таация Авирит» Израильдің авиациялық өнеркәсіп концерні (IAI) Үндістан Қорғаныс министрлігімен заманауи қару-жарақты жеткізуге арналған жалпы құны 1,5 миллиард АҚШ доллары тұратын Израиль тарихындағы ең үлкен келісімшартқа қол қойды.

Америкалық флот ресми түрде өздігінен басқарылатын қашықтаны әуені барлау ұшағымен қаруланған. 2017 жылғы 11 қарашада defenseworld.net порталы Northrop Grumman компаниясы АҚШ ӘТК-ға MQ-4C Triton дронының алғашқы сериялық үлгісін бергендігін хабарлады.

Украин әскері жаңа оңдаған броньды машиналармен толтырылды.