Израиль ӘӘК қолбасшылығы "Неватим" авиабазасына кезекті F-35I "Адир" қос жойғышының жеткізілетіндігін хабарлады. Жаңа ұшақтардың қонуы кезінде олармен бұрын алынған қос F-35I "Адир" ұшақ еріп жүрді.

Ресей Вьетнаммен келісімшарт бойынша Т-90С и Т-90СК танкілерін жеткізуді бастады деп хабарлады Ресей делегациясының басшысы ӘТЫ ФҚ бастығының орынбасары Петухов Михаил Defense&Security  көрмесі (2017 жылғы 6-9 қараша өтті, Бангкок, Таилан) кезінде.

ӘҚСТО, 16 қараша. Airbus Defence and Space компаниясы Dubai Airshow 2017 әуе салоны аясында Біріккен Араб Әмірлігінің ӘӘК мен ӘШҚҚ басшылығымен бес C-295 ӘКҰ ұшақтарын жеткізуге келісімшарт жасасқандығы туралы хабарлады.

2017 жылғы 1 қарашадағы Delfi.lv ақпараты бойынша Литва армиясы және «Kongsberg» Норвегия компаниясы NASAMS атты норвегиялық орташа қашықтықты жылжымалы зенитті-зымыран кешенің сатып алу туралы шартқа қол қойды. BNS 2014 жылы Ресейдің Қырымды басып алғаннан кейінгі Литва әскерінің бес ірі сатып алуларын ұсынып отыр, олар ең үлкенінен бастап, кішігіріміне дейін ұсынылды.

Ағымдағы жылғы 14 қарашада БАӘ ҚК Dubai Airshow 2017 көрмесінің алғашқы үш жұмыс күнінде жалпы сомасы 13,13 млрд. дирхамға (шамамен 3,57 млрд. долл.) бірнеше ондық келісімшарттарға қол қойылғандығы туралы жариялады.

Ресей Сербияға алты Миг-29 жойғышын өтемсіз бергеннен кейін Республикаға тағы екі Ан-26 көлік ұшағын беруі мүмкін.

Екі ұшақты беру келесі он ай ішінде болуы мүмкін