Previous Next

Румыния америкалық M142 HIMARS зымыран кешенің бірінші болып алады

Румыния - американдық M142 HIMARS зымыран кешенің қарулануға қабылдаған алғашқы еуропалық ел. Lockheed Martin компаниясы Румыния армиясы үшін зымыран қондырғыларын өндіруді бастады, деп хабарлайды «Warspot» порталы armyrecognition.com порталына сілтеме жасай отырып.

Румыния әскери ведоствосы АҚШ-тан 54 қару-жарақ зымыран кешені бар HIMARS қондырғыларын, сондай-ақ қосалқы жабдықтар мен сервистік қызметке сұрау салды. Румыния Қорғаныс министрлігі барлығы жауынгерлік бөлшектері бар 162 GMLRS типті зымырандардың, 54 ATACMS типті зымырандың, 24 өрт бақылау кешенінің, 30 HMMWV брондалған жол талғамайтын көліктің, сондай-ақ оқтаушы машиналарының, зымырандарды тасымалдауға арналған тіркемелердің, техникалық мөмек беру машинасын және басқа қосалқы жабдықтардың жеткізілуін күтіп отыр. Толығымен тапсырыс 1.25 миллиард долларға «тартылды».

Қазіргі уақытта Lockheed Martin $ 218 млн. сомаға тапсырыстың бірінші бөлігін орындауға кірісті. Тапсырыстың егжей-тегжейі келтірілмеген, тек орындалу мерзімі белгілі, ол 2020 жылдың желтоқсанымен шектеледі.

 M142 HIMARS (High Mobility Artillery Rocket System) - жедел-тактикалық мақсаттағы жоғары мобильді зымыран-артиллериялық жүйесі. Жүйе 5 тонна салмақтағы FMTV дөңгелекті шассиі негізінде әзірленген. M142 үшін негізгі оқ-дәрілер – ату қашықтығы 70 км-ге дейін MLRS типтегі зымыран (M26, GMLRS, AT-2 және басқалары) болып табылады. Сонымен қатар, жүйе бір ATACMS типті (Army TACtical Missile System) зымыран үшін іск қосу қондырғысымен жабдықталуы мүмкін, сондай-ақ AIM-120 AMRAAM «әуе-әуе» сыныптағы зымырандарына арналған іске қосу қондырғылары  ретінде пайдаланылуы мүмкін.

 

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top