«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жеке компаниялармен ынтымақтастық орнатуда
18.09.2018 14:24

  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) жеке компаниялармен ынтымақтастықты арттыру аясында мұнай-газ ұңғымаларын күрделі жөндеуге арналған ПАП-80/100 көтеру құрылғысын дайындап, құрастырып, сынақтан өткізіп, пайдалануға берді.

Дронға қарсы мылтықты экспорты
13.09.2018 13:32

Радиоэлектрондық мылтық «Пищаль» / Фото: Антон Тушин

 

Ресей "Пищаль" дронға қарсы мылтықты және "Таран" тұрақты радиоэлектрондық кешенді Сербия мен Оңтүстік Осетияға жеткізеді,- деп хабарлады "Автоматика" (Ростехке кіреді) концернінің бас құрасытрушысы Сергей Букашкин.

«Ұсынылған екі үлгіні де біз Сербияға және Оңтүстік Осетияға жеткіземіз» - деп айтты С. Букашкин  РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың "Гидроавиасалона-2018" экспозицияларын аралаған кезінде оған жасаған баяндамасында.

Бас құрастырушының айтуынша тұрақты  "Таран" дронға қарсы кешен
3 шақырым қашықтықта, ал "Пищаль" мылтығы - 2,5 шақырым қашықтықта жұмыс істейді. "10 шақырымға дейін созылған "Тигр" бронды автомобилі негізінде (дронға қарсы кешеннің - ред.) екі нұсқасы бар- деп түсіндірді
С. Букашкин.

  Бұған дейін «Автоматика» концернінің өкілі РИА-Новостиге «Пишаль» мылтығы шынайы жауынгерлік жағдайларда сыналған және өте жақсы нәтижелер көрсеткен.

«Пищаль» - салмағы үш килограмм радиоэлектронды мылтық, ол мақсатты анықтай алады және оның навигациясы мен байланысын абрлық ықтимал жиілікте жоя алады.

ГЕЛЕНДЖИК, РИА Новости

Дереккөз:

http://www.arms-expo.ru/news/vzaimodeystvie/razrabotchik_rasskazal_ob_eksporte_protivodronnykh_ruzhey/

Польша "Ланка" анти-дроны
13.09.2018 13:26

LANCA 2.0.

Дереккөз: armyrecognition.com

 

Польшадағы MSPO 2018 Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде жергілікті Wojskowe Zakady Electroniczne (WZE) компаниясы кішкентай ұшатын объектілерді бейтараптандыруға арналған жаңа LANCA 2.0 ұшқышсыз ұшатын аппараттарымен таныстырады, деп хабарлайды armrecognition.com (2018 жылғы 6 қыркүйек).

 Лаңкестердің қолында немесе қақтығыстар кезіндегі шағын ҰҰА-ның ықтимал қатері шындық болып табылады - бүгінгі күні бұл ұшатын аппараттар бақылаушы камераларды немесе күшті жарылғыш заттарды алып жүруі мүмкін. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар әскерлер мен қауіпсіздік күштеріне жаңа қауіп деңгейін құрды, сонымен бірге азаматтық электростанцияларына, спорт алаңдарына, кемелерге, темір жолдар мен құбырларға қауіпті кеңейтті.

Осы себептерге байланысты қарулы күштер мен қауіпсіздік күштері ұшқцышсыз ұшатын аппараттарға қарсы технология әзірледі. LANCA 2.0 класының жаңа апппараты электронды басуға арналған, ол 1000 м дейін қашықтықта ұшақтарды бейтараптандыруға қабілетті кең диапазон жиіліктеріне ие. Планердің жоғарғы жағында тактикалық нысан орнатылатын Picatinny рельсі бар.

Жақында поляк Қару-жарақ инспекциясы NIDA бағдарламасы бойынша жергілікті және халықаралық компаниялармен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) табу және оларға қарсы күрес жүйесін жеткізу бойынша техникалық сұхбат жүргізді.


Осы материалға құқығы «
Военный паритетке» тиесілі

Дереккөз: https://vpk.name/news/227153_polskii_antidron_lanka.html

Алматыда ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының мемлекеттік-мүшелері әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
07.09.2018 09:47

2018 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының әскери-экономикалық ынтымақтастығы жайлы XVI Халықаралық отырысы өтті.

Шара басында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов кіріспе сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан биылғы жылы ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының төрағасы бола отырып, нормативті-құқықтық базаларды жетілдіру мен ұйымдардың халықаралық мәртебесін көтеруге атсалысатынын атап өтті.

Жиынға ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдары бас хатшысының орынбасары В. Семериков, РФ өнеркәсіп және сауда минисрінің орынбасары О. Рязанцев, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша Федеральді қызметі директорының орынбасары В. Дрожжов, Белорусия Мемлекеттік әскери-өндірістік комитеті төрағасының орынбасары Д. Пантус, Армения Қорғаныс министрінің орынбасары Д. Пахчанян, Қырғызстан Мемлекеттік өндіріс, энергетика және жер қойнауын падалану комитеті төрағасының орынбасары А. Орозбеков қатысты.

Кездесу барысында отырысқа қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Ұйымдардың мемлекеттік-мүшелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс қабілетін арттыру сұрақтары талқыға салынды.

Тараптар Мемлекетаралық комиссиялар аясында ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыстарын жалғастыруға келісті. 

Отырыс соңында тиісті Хаттамаға қол қойылды.

 

Анықтама:

 Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының (ҰҚКҰ) әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша Мемлекетаралық комиссиясы 2005 жылы 23 маусымда ҰҚКҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен құрылған.  

Комиссияның ең негізгі функциясы әскери-экономикалық (техникалық) ынтымақтастық аясындағы көпмерзімді бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру, әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру кооперациялары мен мамандандыруды сақтау, әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, модернизациялау, жөндеу және утилизациялау, сондай-ақ, әскери мақсаттағы өнімдерді өңдеу мен модернизациялауға бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу сияқты басым бағыттар бойынша бірлескен кәсіпорындар (ұйымдар) құру,  ұсыным жасау мен шешім шығару болып анықталды.   

Қытайда әзірленетін амфибия ұшақтарының ұшу сынақтары табысты өтті
06.09.2018 10:20

AVIC мемлекеттік авиақұрылыс корпорациясының China Aviation Industry General Aircraft (CAIGA) бірлестігі Zhuhai Yanzhou Aircraft Corporation (ZYAC) Қытай авиақұрылыс кәсіпорнында өткен AG600 Jiaolong  (001 сериялық нөмірі) қытай амфибия ұшағының аяқталған алғашқы тәжірибелік үлгісін итеріп шығару рәсімі. Чжухай (Гуандун провинциясы), 2016 жылғы 23 шілде.
Дереккөз: Xinhua

 

Қытаймен әзірленген, әлемдегі ең ірі AG600 «Цзилун» амфибия ұшағы Гуандун провинциясының Гуандун қаласынан Хубэй провинциясындағы Цзинмэнь қаласына сәтті ұшып қонды, енді кеме су бетінде сынақтан өтуді бастауға дайын.

Қытайдың авиациялық өнеркәсіп корпорациясы (AVIC) дүйсенбіде Чжухайдағы «Цзиньвань» әуежайынан Цзинмэнедегі "Чжанхэ" әуеайлағына ұшу кезінде ұшақ үш провинцияның - Гуандун, Хунань және Хубэй әуе кеңістігінен ұшып өтті. Судың бетіндегі сынақтың басталу күні әлі хабарланбаған.

Бұған дейін AVIC компаниясы 2022 жылға қарай AG600 амфибия ұшағын коммерциялық жеткізуді бастау жоспарының бар екендігі туралы жариялады.

Бұл Қытайда ғана емес, әлемдегі де мұндай жабдықтың ең үлкен үлгісі. Кеме өртті сөндіруге және судағы құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Сонымен қатар, AG600 теңіз ортасын, жолаушылар мен жүк тасымалдарын, сондай-ақ пайдалы қазбалар кен орындарын барлауды бақылау үшін қосымша жабдықпен жабдықтала алады.

 Ұшақ 20 секундта 12 тонна су жинауға қабілетті төрт тұрбабұрандалы қозғалтқышпен жабдықталған. АГ600-нің максималды ұшу салмағы 53,5 тонна, корпустың ұзындығы 39,3 метр, қанат құлашы 38,8 метр, ал ұшудың ең жоғары қашықтығы 4,5 мың шақырым. Бір уақытта ұшақ 50 адамға дейін жеткізуі мүмкін.

2017 жылдың желтоқсанында AG600 жер бетіндегі алғашқы сынақ ұшуын табысты аяқтады. AG600 жобасы 2009 жылдың маусым айында мақұлданды және ал жинау 2016 жылдың шілдесінде аяқталды.

 

Осы материалға құқықы РИА Новости тиесілі.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/226008_razrabatyivaemyii_kitaem_samoletamfibiya_uspeshno_proshel_letnyie_ispyitaniya.html

Бронированная машина Dingo 2 HD броньдалған машина
29.08.2018 00:10

 "Jane's International Defence Review" журналындағы Christopher F. Foss-тың "KMW expands Dingo protected vehicle family" мақаласында  хабарланғандай Krauss-Maffei Wegmann (KMW) Германия компаниясы бұрынғы Dingo нұсқаларындағы 4х4 дөңгелекті формуласының орнына 6х6 формуласымен ерекшеленетін өзінің әйгілі Dingo брондалған машиналар тобының жаңа нұсқасы Dingo 2 Heavy Duty (HD) брондалған машинасын әзірледі. Германия бронетехникасын сатып алуға арналған белгілі келісімшарт шеңберінде осы 14 машинаны үш нұсқада (медициналық, командалық-штабтық және жер үсті барлаудың РЛЖ тасушы) алған Қатар Dingo 2 HD машинасының бастапқы тапсырыс берушісі болды

Алдыңғы шығарылымдардың Dingo тобының брондалған машиналары Mercedes-Benz автомобилінің UNIMOG (4x4) шассиінде жасалды. Бүгінгі таңда жеті елдің қарулануында тұрған 1000-нан астам Dingo (4х4) машиналар өндірілді.

Dingo 2 HD автокөлігі 6x6 дөңгелекті формуласы бар Mercedes-Benz автокөлігінің UNIMOG FGA20 шассиінде жасалды және 20 тонна болатын жалпы жауынгерлік салмағы бар. Бронетранспортер нұсқасындағы десантты бөлімінің сиымдылығы 10 адамды құрайды, ал штаттық экипаж екі адам. 240 кВт қуаты бар дизельді қозғалтқыш автоматты беріліс қорабымен біріктірілген. Құрылғыны қорғау деңгейі ашылмаған, корпус қосымша топсалы брондау жинағымен жасақталуы мүмкін.

Осы материалға құқығы bmpd.livejournal.com тиесілі

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top