Кот-д'Ивуар Белорустік «Кайман» броньды машинасын сатып алды
17.08.2018 00:10

ӘҚСТО, 2018 жылғы 9 тамыз. Белгілі болғандай, Кот-д'Ивуар «140 жөндеу зауыты» ААҚ (Беларусь Республикасы, Борисов қаласы) әзірлеген 4x4 дөңгелек формуласымен «Кайман» жеңіл броньды машинасының алғашқы сатып алушысы болды.

Jane's Defence Weekly хабарлағандай Белорусьта өндірілген жандармерияның қара түсті үш броньды машинасы Кот-д'Ивуараның Тәуелсіздік күніне арналған 2018 жылғы 7 тамыз  Абиджан қаласында өткен әскери парадта ұсынылды.

 Бұрын 2017 жылғы мамырда «Кайман» броньды машинасын Беларусь Республикасы ҚК-нің қарулануына алынғандығы туралы жарияланды.
2018 жылғы қаңтарда Беларусьтың Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитет төрағасы Олег Двигалев Африканың аталмаған елдерінің біріне «Кайман» броньды машиналарының экспорттық жеткізулердің басталғандығы туралы хабарлады.

Броньды машина барлау және диверсиялық операцияларды жүргізуге, әскери лектерге еріп жүру және патрульдеуге арналған. ББM салмағы шамамен 7 тонна. «Кайман» ББM есеппен алты адамды тасымалдауға арналған.

«Минский моторный завод» дайындаған 170 а.к. қуаты бар Д-245.30Е2 қозғалтқыш шосседе 100 км/с  макисмалды жылдамдыққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Шоссе бойынша қозғалған кездегі жүру қоры - 1000 км . Дайындықсыз машина 8 км/с жылдамдықта жүзу арқылы су тосқауылдарын еңсере алады.

Қаруландыру ретінде 7,62 мм пулемет, 30 мм AГС-17 гранатаатқыш, 12,7-мм НСВ «Утес» пулеметі бар Белорусьте жасалған «Адунок» жауынгерлік модулі қолданыла алады. Борттағы және кормдағы құрыш STANAG-4569 Level.1 талаптарына сәйкес баллистикалық қорғанысты қамтамасыз етеді.

Салқындату жүйесі құрылғыны қоршаған ортаны +50С градус температурада пайдалануға мүмкіндік береді. Белоруссиялық өндірістің қазіргі заманғы аспаптары мен құрылғылары қозғалтқыш жұмыстарының барлық қамтамасыз ету жүйелерінің параметрлерін бақылауға мүмкіндік береді.

Бастапқыда бірқатар сарапшылар «Кайман» кеңестік БРДМ-2 модернизацияланған нұсқасы болып саналады деп мәлімдеді, алайда 140-ы жөндеу зауытының бас конструкторы Ольга Петрова бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның 2017 жылғы мамырдағы БелТА агенттігіне берген мәлімдемесіне сәйкес броньды машина 140-шы зауытта «нөлден» бастап әзірленді және оның құрамдас бөліктерінің басым бөлігі Беларусь Республикасында шығарылады.

Астанада еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша бірлескен алқасы өтті
16.08.2018 00:10

Ү.ж. 15 тамызда Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен алқасы өтті, оның барысында отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін (ҚӨК) дамыту мәселелері  талқыланды.

Отырыс жұмысына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, сондай-ақ отандық ҚӨК кәсіпорындарының басшылары қатысты. 

Мемлекетіміздің қорғаныс қабілеттілігі және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі отандық қорғаныс кәсіпорындарының тиімді жұмысына тікелей байланысты екендігі атап өтілді. 

Кеңес жұмысының нәтижелері бойынша нақты тапсырмалар берілді. Олардың іске асырылуы қазақстандық әскерді қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Астана қаласында мемлекеттік материалдық резервтер мәселелері бойынша ТМД елдерінің өзара іс-қимылы талқыланды
16.08.2018 07:27

15 тамызда Астана қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқару саласындағы мемлекеттік органдардың басшылары консультативтік кеңесінің ХІV отырысы ашылды.

Алғашқы сөз ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов сөйледі. Өз сөзінде ол төтенше жағдайлар, табиғи және техногенді апаттар кездегі мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің рөлін атап өтті.

Іс-шараға Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Материалдық резервтер департаментінің бастығы Е.В. Бондарь, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қоры төрағасы К.А. Айдаров, Молдова Республикасы Ішкі істер министрлігінің Материалдық резервтер агенттігінің директоры Э.В.Гажиу, Розрезерв басшысының орынбасары Е.В. Абрамова, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Н.А. Ахмадзода қатысты.

Консультативтік кеңес отырысының жұмысын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Б.З. Иманәлиев басқарды.

Кездесу барысында мемлекеттік материалдық резервтер жүйелерін ғылыми-техникалық дамыту саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің консультативтік кеңесі мен негізгі ұйымының жұмысының қорытындылары, өткен жылға кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік материалдық резервтер ұлттық жүйесін дамыту және сақтау мерзімдерін ұлғайту және материалдық құндылықтарды сақтау саласындағы инновациялық әзірлемелер мәселелері қаралды.

Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік қорлар жүйесін цифрландыру, сондай-ақ радиациялық және химиялық қорғау мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасты.

Кездесу соңында тиісті хаттамаға қол қойылды.

Анықтама:

Консультативтік кеңестің негізгі қызметі мемлекеттік материалдық резервтер ресурстарын қалыптастыру, сақтау және қызмет көрсету бойынша көпжақты ынтымақтастықты дамыту, оларды төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, гуманитарлық көмек көрсету, тәжірибе алмасу, сондай-ақ кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастыру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру. болып табылады.

Консультативтік кеңес ТМД елдерінің мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы салалық ынтымақтастықтың жалғыз органы болып табылады.

 

Израиль компаниясы қазіргі заманғы жауынгерлік киім-кешек жүйесін ұсынды
10.08.2018 11:07

Ұрыс қимылдары аймағында қалған қазіргі заманғы жауынгер үшін негізгі қиындық арқасындағы арнайы тактикалық рюкзакта он шақты килограмм жабдық бола тұра шұғыл маневр жасаудың қажеттілігі болып табылады. 

Marom Dolphin Ltd. Израиль компаниясы FUSION (“Синтез”) атты өзінің көмірсутекті скелетінің интеграцияланған жүйесін ұсынды. Осы киім-кешек моделінде қорғану кеудешесі рюкзакпен біріктірілген. Қажет болған жағдайда жауынгер маневр жасауға басымдылық алу үшін  бір ғана қимылмен арқасында тасымалдап жүрген жүгін лақтыра сала алады. Бұл әмбебап, модульді, жеңіл және төтенше мықты жүйе жүктемені барлық денеге тиімді түрде таратады.

Marom Dolphin Ltd әскери және полиция отрядтары, қауіпсіздік қызметтері мен азаматтық биліктер үшін мамандандырылған киім-кешек өндірушілер нарығындағы мойындалған лидер болып табылады.

FUSION моделінің патенттелген құрылымы қосымша белдіктер пайдаланбастан кез келген өлшемдегі кеудешені рюкзакпен біріктіруге мүмкіндік береді. Ұрыс жүргізуге қажетті жабдық (қорғанысброньды пластиналар, коммуникация құралдары, қордағы патрондар және т.б.) кеудешеге біріктірілген, ол рюкзакты шұғыл лақтырғаннан кейін жауынгерде қалады.

Жүйе жауынгердің терісін жарақаттанудан қорғайтын арнайы материалдарды пайдалану есебінен комфортты түрде маневр жасауға мүмкіндік береді, ол әдетте кеудешенің денеге тиуіне байланысты туындайды.

FUSION моделінің кеуде панелі орындалатын тапсырмаларға байланысты қосымша жабдықпен жарақтандырылуы мүмкін.

Marom Dolphin Ltd компаниясы өкілдерінің растауы бойынша осы жүйені әзірлеу кезінде жүктемені жауынгердің барлық денесіне дұрыс таратуға мүмкіндік беретін ең соңғы қазіргі заманғы материалдар мен эргонимикалық технологиялар қолданылған.

 

Евгений Ясаков

Осы материалға арналған құқық "Оружие России" федералдық электрондық анықтамасына тиесілі.

Материалды құқылы адам ашық қол жеткізуде орналастырған. 

Ресейдің Қорғанысмині "Галактика 1СВ" күзет жүйесін сатып алады
07.08.2018 00:10

 

Ресейдің Қорғанысмині Қырымдағы әскери объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құны 535 млн. рубльден астам "Галактика 1СВ" күзет жүйесін сатып алуға арналған жабық аукцион жариялады. Бұл туралы ТАСС мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сілтеме жасай отырып,
2018 жылғы 1 тамызда хабарлады.

«Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Ресейдің Қорғанысмині бекіткен ерекшелік бойынша Қырым Республикасының аумағында орналастырылған (жеткізу, орнату жәнеіске қосу-баптау жұмыстары) I, II, III санатты РФ Қарулы Күштерінің объектілерін жарақтандыруға арналған техникалық күзет құралдарын жеткізуге арналған жабық аукцион өткізілетіні туралы хабарлады»

Бұл жерде әңгіме "Галактика 1СВ" техникалық күзет құралдары кешенін жеткізу, орнату және іске қосу-баптау жұмыстары туралы болып отыр. Осы жүйенің бірінші жиынтығын 2020 жылғы 10 қарашаға дейін жеткізу талап етіледі.

Мемлекеттік келісімшарттың бастапқы (ең жоғары) бағасы 535,9 млн. рубльден асады. Мемлекеттік келісімшарттың орындаушысын 2018 жылғы 27 тамызда таңдайтын болады.

Ғылыми-зерттеу және конструкторлық радиоэлектрондық техника институтының (ҒЗКРТИ) ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес "Галактика 1СВ" техникалық күзет құралдары кешені РФ Қарулы Күштері объектілерінің кешендік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Оған әдетте, табу және бақылаудың периметрлік құралдары, сондай-ақ тыйым салынған аспаптар мен заттарды табу құралдары кіреді.   

 

Ресейде 2027 жылға дейін зымыран қару-жарағы экраноплан құрылады
02.08.2018 00:10

Зымырандармен қаруландырылған «Орлан» экранопланының тәжірибелік үлгісін Ресейде 2027 жылға дейінгі кезеңде қару-жарақ мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құру жоспарлануда. Бұл туралы журналистерге РФ вице-премьері Юрий Борисов хабарлады.

«Қару-жарақтың 2018-2027 жылдардағы мемлекеттік бағдарламасында «Орлан» тәжірибелік-конструкторлық жұмысы бар, ол экраноплан жасауды көздейді. Оның тәжірибелік үлгісі осы бағдарламаның шеңберінде құрылатын болады, ол зымыран қару-жарағын қамтитын болады» - дейді
Ю. Борисов
ТАСС.

Оның сөзі бойынша экраноплан Солтүстік теңіз жолын күзету үшін пайдаланылатын болады, онда инфрақұрылым әлсіз дамыған. «Ол тосқауылдайды, осы аудандарды жаба алады. Ішкі теңіздерді де: Каспий, Қара теңіз» - деп түйіндеді өз сөзін вице-премьер.    

Борисов бұған қосымша жаңа экранопланның сонымен бірге корабль экипаждарын құтқару үшін патрульдік құрал бола алатынын айтты.

Экраноплан – көп режимді кеме, ол өзінің негізгі пайдалану режимінде су немесе өзге де қабат бетінде оған үнемі жанаспай-ақ экрандық эффектіні пайдалана отырып, ұша алады. Ол ауада негізі экран эффектісін пайдалануға арналған оның ауа қанатында, корпусында немесе оның бөліктерінде туатын аэродинамикалық көтеру күшімен тұрады. Экраноплан әдетте қарапайым ұшақ ұшатын биіктіктен төмен биіктікте ұшады, бірақ корабльге қарағанда үлкен жылдамдықпен қозғалады.

ТАСС,  2018 жылғы 30 шілде.

Басқарылатын қару жүйесі: жаңа Еnforcer жасырынып жатқан снайперлерді бейтараптандырады
31.07.2018 00:10

MBDA Еуропа компаниясы өздігінен көздейтін зымырандары бар Еnforcer басқарылатын қаруының инновациялық жүйесін құруда.

Басқарылатын қару жүйесі: жаңа Еnforcer жасырынып жатқан снайперлерді бейтараптандырады.

Штаб-пәтері Францияда орналасқан MBDA Еуропа компаниясы Еnforcer басқарылатын қаруының инновациялық жүйесін әзірлеу үшін белсенді жұмыс атқаруда.

«Энфорсер» тұжырымдамасы жеңіл бір реттік басқарылатын оқ-дәрі, оның ату қашықтағы жүз метрден екі жүз метрге дейінгі қашықтықты құрайды. Жңа жүйеден ату «атты-тиігзді» қағидаты бойынша құралатын өздігінен көздейтін зымыранды пайдалана отырып жүргізіледі.

Жоспар бойынша жаңа көп мақсатты оқ-дәрі ұрыс алаңында да қалада да күндіз де түнде де нысананы тиімді жоюды қамтамасыз ете алады. Зымыран салмағы 9 киллограмды құрайды және оның басты мақсаттарының бірі қарсыластың жасырынып жатқан снайперлерін бейтараптандыру болып табылады.

Жаңа зымырандардың бірі MBDA-ның италиялық бөлімшесі әзірлейтін көміртекті-талшықты материалдан жасалынған іске қосу қондырғысына ие.

Бәрінен бұрын бұл қаруды қазіргі уақытта Германия алуды көздеуде, ол Германияда  Wirkmittel 90 типті жаяу әскер қаруына қосымша болатын болады.

Болжамдарға сәйкес ең жаңа еуропалық кешен 2019 жылдың соңында сериялық өндіріске шығарылуы мүмкін.

РФ Қарулы Күштері алғашқы ішкі ұшқышсыз ұшу аппаратын қабылдап алады.
27.07.2018 12:54

Ресейлік әскери бөлім соққы жаңғыртылған «Форпост-М» ұшқышсыз ұшу аппаратын қабылдайды, оның сынақтары жақын арада аяқталады, деп «Известия» хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі газетке жаңартылған ұшқышсыз ұшу аппараты заманауи радар, оптикалық жүйелер мен басқарылатын бомбалар орналасқан толық дербес платформасы екенін айтты. Жабдықтың арқасында ұшақ күндізгі кез келген уақытта және кез келген ауа-райында жердің нысандарын анықтауға және жоюға қабілетті.

Атап айтқанда, отандық дизайнның еркін инерциялық навигациялық жүйесі (BINS) құрылғыны ГЛОНАСС немесе GPS жүйесін пайдаланбай, зениттік қорғаныс пен жаудың  радиоэлектрондық соғыс жүйелеріне толы аймақтарға ұшуға артықшылық береді.

Газеттің хабарлауынша, бұл түрдегі алғашқы ұшу аппараттары Сирияда  игерілді. Зерттеулер көрсеткендей, ұшақтар артиллериялық жүйені, қаруланған брондалған машиналарды және жаудың командалық позицияларын сәтті табады. Дрон анықталған объектілерді дереу жоя алады.

«Forpost-M»  әрекет радиусы оператордың орналасқан жерінен 250 км дейін. Оның жылдамдығы 200 км / сағ, ауадағы уақыт 17 сағатқа дейін. Құрылғының салмағы 450 кг-нан асады. Ұшақтың максималды биіктігі шамамен 5 мың метрді құрайды.

Сарапшылар атап өткендей, ұшақ аппараттары өздерінің әскери қызметшілерінің өміріне қауіп төндірмей, көптеген тактикалық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

 

ҚР ҚАӨМ зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден Интернет желісінің қазақстандық сегментін қорғау бойынша қажетті шараларды қолданады
26.07.2018 00:10

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен KZ-CERT Компьютерлік қақтығыстарға әрекет ету қызметінің ақпараты негізінде, Интернетті қауіпсіз қолдануға қауіп тудыратын фишинг-парақшалар және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер, бұзулар айқындалған, 288 қазақстандық интернет-ресурсқа қатысты шаралар қабылдау үшін Қазақ желілік ақпарат орталығына хабарландыру жолдайды.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес, бекітілген мерзімде домендік атауды қолдануды тоқтата тұруға алып келген бұзылысты жоймауға байланысты Интернет желісінің қазақстандық сегментінде 124 домендік атаулардың жұмыс істеуі тоқтатылды.

Зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету – жеке компьютерге, серверге, немесе компьютерлік желіге залал келтіру үшін, арнайы жасалған бағдарламалық қамтамасыз ету.

Интернет-ресурсты бұзу – теріс пиғылды адам интернет-ресурс арқылы, интернет-ресурс файлдарына немесе басқару жүйесінің әкімшілік ету бөліміне рұқсат етілмеген қатынауға қол жеткізу.

Фишинг – компьютерлік алаятықтың бір түрі, негізгі мақсаты – құрбанды алаяққа қажетті ақпаратты алдамшы жолмен еріксіз беруге көндіру.

Бұл интернет-ресурсқа кірген барлық қолданушылар өзін ықтимал зардаптардан қауіп-қатерден сақтау үшін, антивирустық құралдармен өздерінің компьютерлерін тексеру ұсынылады, интернет-ресурстан қандайда бір мәліметтер жүктелген жағдайда, ашпас бұрын олардың қосымша тексеруін өткізу ұсынылады. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді ұдайы жаңарту, сенімді құпия сөздер қолдану және оларды құпияда сақтау ұсынылады.

Украинада НАТО стандартындағы оқ-дәрілер шығару басталды
25.07.2018 00:10

«Укроборонпром» МК баспасөз қызметі «Импульс» зауытының (Украина) өндірістік желісі жұмысының елеулі өзгерістері туралы хабарлайды.Бұл жерде әңгіме Шосткий кәсіпорны туралы болып отыр, ол «Кузница на Рыбацком» кәсіпорнымен бірлесіп, натолық үлгідегі оқ-дәрілерді шығаруға көшуде. Бұл – АГС-ге арналған калибрі 40 мм  ПГОФ-40 оқ-дәрілері.

Кәсіпорын басшысы Евгения Чернованың өтінішіне сүйенсек: Украинада алғаш рет  «Кузницей на Рыбацком» зауытымен ынтымақтастықта автоматтандырылған гранатаатқыштар үшін 40-мм оқ-дәрілерді сериялық шығару меңгерілген және басталған. Қазір біз жаңа аспаптар шығаруды және енгізуді механизациялау жолымен осы оқ-дәрілерді шығару көлемін арттыру үшін жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл ретте, негізінен осындай оқ-дәрілерді құру бұл – қолмен жасалатын жұмыс.

ПГОФ-40 оқ-дәрілерінің жарқыншақты-шашырап ұшатын әрекеті бар. Граната өлшемі 40х53 мм – оқ-дәрілердің осындай типтері үшін натолық стандарт. 30 мм гранаталардан ерекшелігі натолық калибрлі оқ-дәрілердің қуаты зор және тиісінше жарқыншағының ұшу қуаты да зор. Сонымен бірге АГС үшін Шосткинский зауыты қазір ПГИ-40 инертті оқ-дәрілерін дайындауда, олар гранатаатқыштардың атысы және әскери қызметшілерді дайындау үшін пайдаланылады.

Баспасөздің хабарлауынша: «Укроборонпром» МК-ның құрамына кіретін» Импульс Шосткинский қазынашылық зауыты Украина үшін ерекше кәсіпорын болып табылады және ол бүкіл әлемдегі тұйықталған циклда детанаторлар, капсюлалар мен қарапайым патрондардан бастап «жер-жер» деген типтегі алысқа ататын зымырандардың элементтеріне дейін оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері үшін басқа да элементтер шығаратын аздаған зауыттардың қатарына кіреді.

НАТО стандартындағы оқ-дәрелерді шығаруға ауысу Украинаны қару-жарақ пен оған оқ-дәрілердің натолық нарығына шығаруға жұмылдырылған үлкен әскери-өнеркәсіптік реформалардың кезеңдерінің бірі болып табылады.

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top