ҚР ҚАӨМ зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден Интернет желісінің қазақстандық сегментін қорғау бойынша қажетті шараларды қолданады
26.07.2018 00:10

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен KZ-CERT Компьютерлік қақтығыстарға әрекет ету қызметінің ақпараты негізінде, Интернетті қауіпсіз қолдануға қауіп тудыратын фишинг-парақшалар және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер, бұзулар айқындалған, 288 қазақстандық интернет-ресурсқа қатысты шаралар қабылдау үшін Қазақ желілік ақпарат орталығына хабарландыру жолдайды.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес, бекітілген мерзімде домендік атауды қолдануды тоқтата тұруға алып келген бұзылысты жоймауға байланысты Интернет желісінің қазақстандық сегментінде 124 домендік атаулардың жұмыс істеуі тоқтатылды.

Зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету – жеке компьютерге, серверге, немесе компьютерлік желіге залал келтіру үшін, арнайы жасалған бағдарламалық қамтамасыз ету.

Интернет-ресурсты бұзу – теріс пиғылды адам интернет-ресурс арқылы, интернет-ресурс файлдарына немесе басқару жүйесінің әкімшілік ету бөліміне рұқсат етілмеген қатынауға қол жеткізу.

Фишинг – компьютерлік алаятықтың бір түрі, негізгі мақсаты – құрбанды алаяққа қажетті ақпаратты алдамшы жолмен еріксіз беруге көндіру.

Бұл интернет-ресурсқа кірген барлық қолданушылар өзін ықтимал зардаптардан қауіп-қатерден сақтау үшін, антивирустық құралдармен өздерінің компьютерлерін тексеру ұсынылады, интернет-ресурстан қандайда бір мәліметтер жүктелген жағдайда, ашпас бұрын олардың қосымша тексеруін өткізу ұсынылады. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді ұдайы жаңарту, сенімді құпия сөздер қолдану және оларды құпияда сақтау ұсынылады.

Украинада НАТО стандартындағы оқ-дәрілер шығару басталды
25.07.2018 00:10

«Укроборонпром» МК баспасөз қызметі «Импульс» зауытының (Украина) өндірістік желісі жұмысының елеулі өзгерістері туралы хабарлайды.Бұл жерде әңгіме Шосткий кәсіпорны туралы болып отыр, ол «Кузница на Рыбацком» кәсіпорнымен бірлесіп, натолық үлгідегі оқ-дәрілерді шығаруға көшуде. Бұл – АГС-ге арналған калибрі 40 мм  ПГОФ-40 оқ-дәрілері.

Кәсіпорын басшысы Евгения Чернованың өтінішіне сүйенсек: Украинада алғаш рет  «Кузницей на Рыбацком» зауытымен ынтымақтастықта автоматтандырылған гранатаатқыштар үшін 40-мм оқ-дәрілерді сериялық шығару меңгерілген және басталған. Қазір біз жаңа аспаптар шығаруды және енгізуді механизациялау жолымен осы оқ-дәрілерді шығару көлемін арттыру үшін жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл ретте, негізінен осындай оқ-дәрілерді құру бұл – қолмен жасалатын жұмыс.

ПГОФ-40 оқ-дәрілерінің жарқыншақты-шашырап ұшатын әрекеті бар. Граната өлшемі 40х53 мм – оқ-дәрілердің осындай типтері үшін натолық стандарт. 30 мм гранаталардан ерекшелігі натолық калибрлі оқ-дәрілердің қуаты зор және тиісінше жарқыншағының ұшу қуаты да зор. Сонымен бірге АГС үшін Шосткинский зауыты қазір ПГИ-40 инертті оқ-дәрілерін дайындауда, олар гранатаатқыштардың атысы және әскери қызметшілерді дайындау үшін пайдаланылады.

Баспасөздің хабарлауынша: «Укроборонпром» МК-ның құрамына кіретін» Импульс Шосткинский қазынашылық зауыты Украина үшін ерекше кәсіпорын болып табылады және ол бүкіл әлемдегі тұйықталған циклда детанаторлар, капсюлалар мен қарапайым патрондардан бастап «жер-жер» деген типтегі алысқа ататын зымырандардың элементтеріне дейін оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері үшін басқа да элементтер шығаратын аздаған зауыттардың қатарына кіреді.

НАТО стандартындағы оқ-дәрелерді шығаруға ауысу Украинаны қару-жарақ пен оған оқ-дәрілердің натолық нарығына шығаруға жұмылдырылған үлкен әскери-өнеркәсіптік реформалардың кезеңдерінің бірі болып табылады.

"Скай Гардиан" американдық ұшқышсыз ұшу аппараты Атлантикадан бір тәулікте ұшып өтті
18.07.2018 17:58

MQ-9B "Скай Гардиан" американдық ҰҰА Гранд-Форкстегі, Солтүстік Дакотедегі,  Гловтерширдегі, Ұлыбританиядағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын дайындау орталығынан  трансатлантикалық ұшуды сәтті ақтады. Бұл туралы 2018 жылғы 12 шілдеде аппаратты әзірлеген General Atomics Aeronautical Systems компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, N+1 хабарлады.

«Скай Гардиан» 6960 шақырымды 24 сағат 2 минутта ұшып өтті. Бұл орташа биіктікте ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының тарихтағы бірінші трансатлантикалық ұшып өтуі, сондай-ақ аппараттың оператордың тікелей көріну шегінен тыс бақылауымен Ұлыбританияның әуе кеңістігіне енген бірінші жағдайы.

Ұшу қашықтығы үлкен орташа биіктікте ұшатын ҰҰА-ның сыныбына дрондарды жатқызу керек деп қабылданған, ол крейсерлік ұшуды
3000 метрден 9100 метрге дейінгі биіктікте өтеді. Негізінде мұндай ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшу ұзақтығы 24 сағаттан 48 сағатқа дейінгі уақытты құрайды, бірақ ол жаңа қозғалтқыштар мен жиынтықтаушы материалдарды әзірлегеніне қарай артуы мүмкін. "Скай Гардиан" ҰҰА-ның кресерлік ұшу биіктігі 7500 метрді құрайды. Аппарат 210 торапқа дейін
(388 шақырым/сағат) жылдамдық ала алады және 35 сағатқа дейін әуеде бола алады.  

Ұшқышсыз ұшу аппараты Ұлыбританияның Корольдік әскери әуе күштерінің Фэрфорд авиабазасына қонды. Таяу уақытта ол техникалық қызмет көрсетуден және борттық жүйесін тексеруден өтеді, ал ағымдағы жылғы 13-15 шілде кезеңінде RIAT 2018 Британия авиашоуында статистикалық экспозициясында орын алады.

Трансатлантикалық ұшу барысында жиналған деректерді әзірлеушілер "Скай Гардиан" ҰҰА-ны сертификаттау бағдарламасында жалпы әуе кеңістігінің азаматтық авиациясымен пайдалануды жоспарлауда. Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін MQ-9 "Рипер" базасында құрылған американдық ұшқышсыз ұшу аппараты бірыңғай әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат етілген алғашқы сертификатталған соққы беру дроны болып танылады.

Тарихта алғаш рет трансатлантикалық ұшуды орындаған ұшқышсыз ұшу аппараты 2011 жылы "Евро Хок" аппараты болған. Оның әзірлемесі Германияның ӘӘК мүддесінде RQ-4 "Глобал Хок" американдық ұшқышсыз ұшу аппаратының базасында жүргізілген. "Евро Хок" АҚШ Калифорниядағы Эдвардс ӘӘК базасынан немістік Манхинг әуеайлағына 22 сағатта ұшып өткен. "Евро Хок" стратегиялық ұшқышсыз ұшу аппаратының сыныбына жатады. Оның крейсерлік биіктігі 18000 метрді, ал әуеде болу ұзақтығы шамамен 35 сағатты құрайды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қоғамдық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды
18.07.2018 18:03

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде(ҚР ҚАӨМ) Министр Бейбіт Атамқұловтың қатысуыменҚоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚР ҚАӨМ Қоғамдық кеңесініңтөрағасы А.Айымбетов 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша кеңес жұмысының қорытындылары туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, іс-шара тәртібіне Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру және жаңа мүшелерді тағайындау мәселелері шығарылды.

Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне Мұхтар Алтынбаев – Халық Қаһарманы, әскер генералы, ҚР экс-Қорғаныс министрі, «Қорғаныс Күштерінің Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, Жандарбек Кәкішев – «Шельф» авиация және аэроғарыш техниканы шығару бойынша зауытының экс-Бас директоры, Жандос Әбішев - «KazWeld» Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы, Владимир Бобров- «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Тәуелсіз директоры.

ҚР ҚАӨМ Қоғамдық кеңесі өз қызметіне азаматтық қоғамының белсенді өкілдерін тартады, оның құрамына қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ғарыштық сала мен ақпараттық қауіпсіздік өкілдері кіреді.

Кеңестің жаңа мүшелері бұл органның қызметіне жаңа серпіліс беріп, бірлескен еңбегінің арқасында ҚР ҚАӨМ салалық қызметінің тиімділігін жоғарлату бойынша жұмысы жалғастырылатын болады.

Іс-шара соңында болған пікір алмасу барысында Қоғамдық кеңесінің мүшелеріҚР ҚАӨМ-мен өзара әрекеттесу бойынша ойлармен бөлісіп, сондай-ақ Министрлігінің стратегиялық мақсаттарды шешуге белсенді қатысуға әзір екенін білдірді.

Ресей ауыр стелс-ұшқышсыз ұшу аппаратын аспанға көтереді
18.07.2018 18:08

"Охотник" ауыр соққы беру ұшқышсыз ұшу аппаратының бірінші ұшуы 2019 жылы өткізіледі. Машинаны Новосибириск авиазауытының жинау цехында жасаған.

- Новосибирскде "Сухой" компаниясының филиалында "Охотник" ауыр ұшқышсыз ұшу аппаратының алғаш рет итеріліп шығарылды. Машина алғашқы ұшу алдында жерүсті сынағын өтеді. «Ол 2019 жылға жоспарланған» деп хабарлайды «Интерфакс», ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып. 

Ресей Қорғанысминінің мүддесінде елеусіз соққы беру ҰҰА әзірлеуді Сухов БҚК жүргізуде. Ұшу аппаратының сипаттамалары құпияландырылған, ашық ақпарат көздерінің деректері бойынша»Охотнитің» толық ұшу массасы 20 тоннаның құрайды. Бұл осындай типтегі ең ауыр қондырғы болады.  

Ұшқышсыз ұшу аппараты үшқабатты шассиімен және елеусіз болу технологиясын барынша пайдалана отырып,  «ұшатын қанат» схемасы бойынша орындалған. Аппараттың жылдамдығы сағатына 1000 шақырымды құрайды. Кейбір технологиялар бойынша «Охотник» Су-57 перспективті жойғыштарымен бірыңғайландырылған. Протиптерінің бірі Т-50 осы бағдарлама бойынша жұмыс істейді деп хабарланады.   

Бұрын массасы 7,5 тонналық "Альтиус-О" орташа сыныпты соққы беру ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу сынағының сәтті аяқталғаны туралы белгілі болды. Екі дизельді қозғалтқышы бар аппарат бірінші кезекте барлауға арналған – ол ауада 48 сағатқа дейінқалықтап тұруға қабілетті.  Алайда қажет болған кезде  "Альтиуста" тоннаға дейін қару асуға болады.

Мәскеудегі Жеңіс парадында  "Корсар" жеңіл ұшқышсыз ұшу аппараты көрсетілді, ол танкіге қарсы зымыран алып жүруге қабілетті.

 

Ақпарат көзі: https://vpk.name/news/219973_rossiya_podnimet_v_nebo_tyazhelyii_stelsbespilotnik.html

Top