Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Обычная версия

Модернизированный бронеавтомобиль ВПК-233136 «Тигр»

 

Өзбекстан Қарулы Күштері 2019 жылғы 25 маусымда Ресейлік «Тигр» көп мақсатты брондыавтокөліктер партиясын сатып алды. Бұл туралы ТАСС бесінші Халықаралық «Армия-2019»  әскери-техникалық форумында хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, арнайы жабдықталған «бірнеше ондаған» «Тигр»  ВПК-233136 брондалған машиналар сатып алынған.

Автокөліктер Өзбекстанның арнайы бөлімшелердің талабы бойынша пысықталды.

Атап айтқанда, брондалған корпуста қосымша есіктер жабдықталды, барлық терезелерде қорғаныс торлары орнатылған, ал төбесінде инфрақызыл прожектор және алдыңғы және артқы люктердің периметрі бойынша жебе жиналмалы бронды қорғаныш орнатылған деп, оған қоса бұл конфигурацияда «Тигр» ашық қондырғыда 7,62 мм ПКМ калибрлі пулеметпен қаруланғандығын дереккөз хабарлайды.

Сондай-ақ, дереккөз бұл «Тигрлер» өзін жақсы жағынан көрсете білгендігін атап айтты. Машина арнайы бөлімшелердің алдына қойылған барлық міндеттерді орындай алады және тікелей мағынада олардың үйіне қызмет ету. Барлық бронды автокөліктер мұндай қабілетті емес - деп дереккөз атап өтті. «Тигрдің» орташа құны 160 мың АҚШ долларды құрайды деп хабарланады.

Анықтама: «Тигр» ВПК-233136 жеке құрамды, жалпы пайдалану жолдары бойынша, қиылысқан жер бойынша әртүрлі жүктерді тасымалдауға, террорға қарсы операцияларды жүргізу кезінде көлік құралы және жедел-қызметтік машина ретінде пайдалануға, жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу жөніндегі операцияларға, экипаж бен жеке құрамды атыс қаруынан және оқ-дәрілердің сынықтарынан және жарылғыш құрылғылардан қорғауға арналған. Сонымен қатар, машина арнайы құралдар мен жабдықтарды монтаждау үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Дереккөз: https://repost.uz/tigr/

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің  2019 жылғы  17 маусымдағы №24 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің геодезия және картография саласындағы; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің елдің инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  болып қайта құрылды.  

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің  2019 жылғы  18 маусымдағы №25 Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

 

Бұл жөнінде Қазақстан астанасында өтіп жатқан  «IDC CIO Summit 2019» халықаралық конференциясында белгілі болды.

Бұндай тиімділік көрсеткішіне 2018 жылдан бері елімізде жүзеге асырылып жатқан "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының арқасында қол жеткізу мүмкін болды – деді конференцияның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов. Экономика салаларын цифрландыру шеңберінде бүгінгі күні тау-кен металлургия кешені мен мұнай өңдеу кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізу іске асырылуда. Мәселен, экономика салаларын цифрландыру шеңберінде бүгінгі күні тау-кен металлургия кешені мен мұнай өңдеу кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізу жобалары іске асырылуда. "Зияткерлік кен орны" жобасын кеңейту жүргізілді, 7 модельді цифрлық фабрика құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Экономиканы цифрландыру және инновациялық экожүйені құру шеңберінде белсенді дамып келе жатқан бағыттардың бірі - электрондық коммерция саласы. 2018 жылы Қазақстанда аталған саладағы сауда көлемі 1,5 есеге артып, 700 млн АҚШ долларын құрады. Бұл барлық бөлшек сауда көлемі жиынтығының 2,9%-на тең.

"Кез келген кәсіпорынның цифрлық трансформациясы тиімді стратегияның бар болуын және цифрлық  технологиялар мен инновацияларды енгізуді талап етеді. Бұл міндет CIO-ға, жаһандық цифрландыру процестерімен интеграцияға, сондай-ақ жеке кәсіпорындардың ішіндегі бизнес-үдерістерге жауапты адамға жүктеледі. Цифрлық өзгерістерді жеделдету үшін компанияның немесе ұйымның бүкіл топ-менеджментін бірлескен қызметке тарту, өңірлік деңгейде серіктестікті дамыту, соның ішінде цифрландыру саласындағы Көшбасшылармен арадағы байланыстарды кеңейту және осындай алаңдарда коммуникациялар орнату арқылы дамыту маңызды", - деп атап өтті Абылайхан Оспанов.

"IDC CIO Summit 2019" ұйымдастырушыларының деректері бойынша 2020 жылға қарай жаһандық компаниялардың 30%-ы өз кірістерінің 10%-ын цифрландыруға бөліп, оларды ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырады, бұл басқарудың стратегиялық деңгейінде осы өзгерістердің маңыздылығы мен тұрақты дамуына тигізген әсерін айқындайды.

 

Анықтама:

IDC конференцияларының жаһандық сериясы - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәсіпорындарда АТ-инфрақұрылымын дамытудың өзекті міндеттерін талқылау үшін жыл сайын мамандардың басын қосып отырады.

CIO (Chief Information Officer) – Ақпараттық технологиялар жөніндегі директор, ақпараттандыру жөніндегі менеджер - жаңа технологияларды енгізуге, ақпараттық ресурстарды басқаруға жауап беретін жоғары дәрежелі компанияның қызметкері. Бұл  ұғым  IT-директор, ақпараттық технологиялар бөлімшесінің жетекшісі дегенді білдіреді.

 

 

Бұл туралы қару-жарақ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз комиссиясының VIII отырысында белгілі болды. Әскери тікұшақтарды құрастыру "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС базасында жолға қойылатын болады. Бұған дейін  біздің елімізде әскери тікұшақ құрастырылмағанын және Қазақстанның Орталық Азияда алғашқы болып аталған өндірісті қолға алып отырғанын айтып өткен жөн.  Осы себепті, аталған кәсіпорынның базасында осындай санаттағы,  оның ішінде Орталық Азия  мемлекеттерінің  қарулы күштеріндегі тікұшақтарға да сервистік қызмет көрсету жоспарлануда.

Отырыста ҚР Қарулы күштері мен үшінші елдердің мүддесі үшін  қару-жарақ пен әскери техниканың перспективалы түрлерін өндіру үшін инвестициялар мен технологиялар трансфертін арттыруға баса көңіл бөлінді.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші
вице-министрі Талғат Жанжүменовтың төрағалығымен өткен комиссия жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдары мен қорғаныс кәсіпорындарының және әскери өнеркәсіп саласында  әлемдік көшбасшылар қатарынан табылатын Nexter, Safran, Thales, Airbus секілді Францияның оннан астам қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Француз делегациясын Франция қарулы күштері министрлігінің өкілі, қару-жарақ жөніндегі генерал-инженер Том Лерн басқарып келді.

Екі күндік жұмыс нәтижесінде бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Тараптардың Safran компаниясымен бірлесіп, ресейлік және европалық  үлгідегі тікұшақтар үшін  шолу жүйелерін құрастыру, сондай-ақ СУ-30СМ ұшақтары үшін авиациялық электроника өндірісі мен сервисін ұйымдастыру жобаларын іске асыру туралы келісімге келгенін атап өткен жөн.

Келіссөздер барысында киберқауіпсіздік және цифрлық  даму салаларындағы ынтымақтастықтың келешегіне ерекше назар аударылды. Тараптар әскери-техникалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыру және өзара инвестициялар тарту туралы уағдаласты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Анықтама: "Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС – ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 2011 жылдың сәуір айында құрылған бірлескен кәсіпорын. Тікұшақтарды құрастыру жобасы паритетті негізде жүзеге асырылады: "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ және "Airbus Helicopters" компаниясы  EC145 тікұшақтарын құрастыру бойынша ТМД аумағындағы жалғыз зауыт, сондай-ақ орыс тілінде оқытатын алғашқы оқыту орталығы болып табылады. "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС бірлескен кәсіпорнының мақсаты- аймақтағы тікұшақ техникасына деген қажеттілікті қанағаттандыру, тікұшақтарды құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ техниктер мен ұшқыштарды оқыту.

 

БАҚ-ның хабарламасына сәйкес үндістандық өнімнің түрлі қару-жарақ және әскери техникасын сатып алуға қолдау көрсету үшін Үндістан Бішкекке 100 млн. АҚШ долл. сомасында кредит желісін ашуға ниеттенді.

Jane’s Defence Weekly хабарлауынша, Ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Үндістан Бішкектен Т-72 және Т-90 негізгі жауынгерлік танкілер экипаждарын және жаяу әскелердің жауынгерлік машиналарын дайындау үшін тренажерлар мен атылыстарды жеткізуге арналған тапсырыстарды алуды есептейді.

Несие сонымен қатар Қырғызстанның ҚК үшін кеңестік/ресейлік өндірістің басқа жерүсті платформаларын және жүйелерін жаңғыртуды, бронды кеудешелер мен қорғаныс дулығаларын жеткізуді көздейді.

2011 жылдан бері Бішкек пен Дели арасындағы екі жақты қорғаныс саласындағы қатынастары күшейтілді, өйткені  екі елдің арнайы мақсаттағы әскерлері терроризмге қарсы күреске және «Ханджар» (Khanjar) биік таулы оқу-жаттығуға қатысуға қабылдады.

 

Дереккөз: https://break-news.info/?p=196343

 

 

"Made in Kazakhstan" лейблімен көрмеге қойылған әскери техника мен қару-жарақ симпозиумға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, халықаралық сарапшылар дайын өнімдермен қатар, сол өнімдерді шығаратын қазақстандық кәсіпорындардың жұмысымен де  жақынырақ танысты. 

"Болжам. Қорғау. Алдын алу" тақырыбына арналған симпозиумға қатысушылар BigData және киберқауіпсіздік, жаңа технологиялар мен экологиялық жауапкершілік, телемедицина, бітімгерлік барлау тәжірибесін жетілдіру, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға қарсы тұру және басқа да қауіп-қатерлер тақырыптарын талқыға салды.

Аталған халықаралық шараға БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары - Ж-П. Лакруа және далалық қолдау жөніндегі орынбасары – А. Харе, ҰҚШҰ, НАТО, Еуропалық Одақ және Африка Одағы (БҰҰ бітімгерлік операциялар  жөніндегі серіктестері) секілді халықаралық ұйымдардың басшылары, азаматтық қоғам мен  ғылыми орта, жалпы саны 70 елдің өкілдері қатысты.

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне тартылған халықаралық қауымдастықтың өкілдері әріптестіктің жаңа қырларын қарастырып, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Бұдан басқа, олар ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған көрме барысында, сондай-ақ кәсіпорындарды аралау кезінде 26 отандық өндіруші ұсынған отандық ӘПК өнімдерінің үлгілерімен танысты. Атап айтқанда, БҰҰ делегациясы электронды және электронды–оптикалық өнімдер өндіру бойынша қорғаныс өнеркәсібі міндеттерін орындайтын "Қазақстан Аселсан инжиниринг", сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг"заманауи брондалған дөңгелекті машиналар шығару кәсіпорындарында болды.

ҚР ЦДҚАӨМ Бірінші вице-министрі Талғат Жанжүменов, қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары әскер мен арнайы құрылымдарды техника және жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерін орындай отырып, сонымен бірге өздері өндіретін өнімдер желісін кеңейтуге дайын және техника мен қару-жарақтың халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті екенін атап өтті.

БҰҰ миссиясының сарапшылары MRAP (минаға қарсы күшейтілген қорғаныс) технологиясы бойынша құрастырылған «Арлан» және «Барыс» дөңгелекті брондалған машиналар мен түнде көру құралдарына, медициналық құралдармен жабдықталған әскери техникасы бар ұтқыр госпитальдар/ұтқыр медициналық топтар жүйелеріне ерекше қызығушылық танытты.

Қазіргі трендтер мен сын-қатерлерді назарға ала отырып, Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркіне келген симпозиумға қатысушыларға  ҚР ЦДҚАӨМ вице-министрі Асхат Оразбек  BigData және киберқауіпсіздік саласындағы қазақстанның тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында UNPD (United Nations Development Programme, БҰҰ мүше мемлекеттерге даму саласында өтеусіз және саяси емес көмек көрсету жөніндегі ұйым) сатып алу жөніндегі сарапшыларының қатысуымен бизнес-семинар өткізіледі. Семинар барысында отандық ҚӨК өкілдеріне БҰҰ-ның сатып алу рәсімдері, жеткізушілерді бағалау критерийлері мен тіркеу рәсімдері, қорғаныс-өнеркәсіп өнімдерін өткізудің әлеуетті нарықтары түсіндірілетін болады.

 

 

 

БҰҰ бітімгершілік миссиялары үшін әскери техника мен жылубейнелік жабдықтарын  ұсыну, спутниктік мониторинг саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру және телемедицина саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту  мәселелері  ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен  БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Атул Харе арасындағы  кездесуде талқыланды.

 Кездесуге сондай-ақ,  Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және
БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Шимура Норимаса қатысты.

Атул Харенің БҰҰ бітімгершілік миссияларында қазақстандық әскери техниканы пайдалану жөніндегі ұсынысын кездесуге қатысушы қазақстандық тарап бірден құптап, аталған сала бойынша біздің еліміздің әлеуеті зор екенін және осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысының бар екенін жеткізді.

"Бүгінгі күні Қазақстанда әскери техника мен жабдықтарды, соның ішінде брондалған автомобильдер, тікұшақтар, жылубейнелік жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер шығаратын кәсіпорындар саны баршылық.  Әрине, біздің  мүддеміз – осы  әскери әлеуеттің  бейбітшілікті сақтауға  қызмет етуі", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Әскери миссиялар форматындағы және халықаралық деңгейдегі диалог алаңы ретіндегі Қазақстанның айтарлықтай бітімгершілік тәжірибесі мен еліміздің теңдестірілген  сыртқы саясатын БҰҰ жоғары бағалап отыр. Осы орайда,  Қазақстанмен бірқатар  аспектілер бойынша, соның ішінде бизнес деңгейінде ынтымақтастықты күшейтуді де көздеуде. Осымен бірге, Атул Харе Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізетін сатып алу бағдарламаларына кәсіпкерлерді көптеп қатыстыру және олардың өз мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін алдағы күндері бизнес-семинарлар өткізуді жоспарлағанын атап өтті.

Бұдан өзге, жоғары делегация мүшелері Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатқан бітімгершілік технологиялары бойынша   әріптестік жөніндегі  V Халықаралық Симпозиумға қатысуда.  "Болжам. Қорғау. Алдын алу" тақырыбындағы Симпозиум барысында, БҰҰ бітімгершілік миссиялары үшін инновациялық технологияларды енгізу, бітімгершілік операцияларына қатысатын тұлғалар үшін халықаралық әріптестік мүмкіндіктері және осы саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп зерттеп-зерделеу мәселелері талқыланбақ.

"Орал азаматтық авиация зауыты" АҚ шығаратын ұшақтардың негізгі техникалық сипаттамалары мен пайдалану параметрлері Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Азаматтық авиация  комитеті, Мемлекеттік орман күзеті қызметі, санитарлық авиация, күш құрылымдары және т. б. өкілдерінің назарына ұсынылды.

Кездесу барысында техникалық сипаттамалары таныстырылған  шағын және орта класты көпмақсатты L-410, L-610 ұшақтары 9 және 40 орынға есептелген, сондай-ақ жүк, санитарлық және десанттық көлік түрі ретінде қолдануға арналған. 

Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми - техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде өтті.

Таныстырылымнан соң азаматтық авиация зауыты делегациясының мүшелерін  ҚР Цифрлық  даму,  қорғаныс  және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Талғат Жанжүменов қабылдады.  Оның айтуынша, ведомство мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін қару-жарақ пен әскери техниканың, өнімдердің заманауи үлгілерін тұрақты негізде зерттейді. Сондай-ақ, елімізде шетелдік серіктестермен бірлесіп, қазақстандық кәсіпорындар базасында іске асырылуы мүмкін жаңа перспективалық  жобаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Авиатехниканың осы түрлеріне қазақстандық мемлекеттік органдар тарапынан қызығушылық болған жағдайда, осы ұшақтарды құрастырып шығаруды, не оларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды Қазақстан аумағында ретке келтіруге болады. Өйткені біздің елдің нарығы ресейліктер үшін перспективалы және тартымды болып табылады.

 

Цифрландыру, киберқауіпсіздік және Қазақстанға венчурлік инвестицияларды тарту саласындағы өзара ынтымақтастықтың келешегі кездесу тәртібінің негізгі мәселелері болды.

«Министрлік және оның ведомствоға бағынысты құрылымдары цифрландыру және инновацияларды дамыту саласындағы  жетекші елдердің озық тәжірибелерін зерделеп, үнемі назар аударып отырады.  Израиль мемлекеті осындай елдердің бірі болып табылады, онымен ынтымақтастық аясында бізді бірқатар саладағы мәселелер қызықтырады, атап айтқанда, білім беру саласындағы ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешеніндегі және экономиканың басқа да салаларындағы цифрландыру тәжірибесі", - деді Асқар Жұмағалиев кездесу барысында.

Өз кезегінде, Елші Лиат Вексельман Асқар Жұмағалиевті израильдік IT-экожүйе объектілерімен танысуға шақырып, цифрландыру саласында Қазақстанмен мемлекет тарапынан да, израильдік бизнес-қауымдастық тарапынан да өзара әріптестік орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар Израиль мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, кәсіпкерлік пен инновацияны дамытудың жоғары әлеуетін атап өтті.

 

Білім беру жобалары, Data-талдаулар мен биометриялық сәйкестендірулер. Осы және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелері  XII Астана экономикалық форум алаңында Асқар Жұмағалиевтің халықаралық ұйымдар мен ірі трансұлттық компания өкілдерімен өткізген екіжақты кездесулері барысында талқыланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰ ДБ) әкімшісінің көмекшісі және БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггер ханыммен кездесуде Асқар Жұмағалиев Министрлік қызметінің негізгі  бағыттары  туралы  әңгімелеп  берді.  Әңгіме барысында тараптар цифрландырудың елдің инновациялық  дамуындағы ролін  және осы саладағы ынтымақтастықты дамытудың  маңыздылығын сөз етті.

Дүниежүзілік  банк  сарапшыларымен  болған  кездесуде  Data-талдаулар бойынша  ауқымды жобаны жүзеге асыру тақырыбы әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, инвесторларды  «Smart Data Ukimet»  жобасы  қызықтырды.

«Біз «Smart Data Ukimet»-ті өте маңызды жоба деп есептейміз. Ол ауқымды деректердің бірыңғай кеңістігін қалыптастыруды көздейді. Мұндай база болашақта ақпараттарды талдауда жасанды интеллектің көмегіне жүгінуге, жоспарлауды жақсартуға және  сценарийлік  болжау  үлгілерінің кешенін әзірлеуге мүмкіндік береді»,- деп мәлімдеді Асқар Жұмағалиев.

Астана экономикалық  форумы алаңында Асқар Жұмағалиев «Cisco», «Idemia», «China Transinfo Technology Co», «Hexagon» компанияларының басшыларымен де екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар әріптестік орнатудың мүмкіндіктерін талқылап, тиісті ақпараттармен алмасу туралы өзара  келісімге келді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлерін осы айтулы күнмен құттықтады.

Соғыс батырларына құрмет көрсету үшін оларға Кәсіпорын қызметкерлерінің делегациясы жіберілді, оның барысында материалдық көмек көрсетілді.

Ардагерлер соғыстың қиын-қыстау күндері, майдандас жолдастары мен соғыс құрбандары туралы естеліктерімен бөлісті. 

Кәсіпорын өкілдері майдангерлерге болашақ ұрпақтың өмірі, бейбітшілігі мен бостандықтары үшін алғыс айтып, олардың батырлығы мен қайсарлығы үшін құрмет пен ризашылықтарын білдірді.