Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Обычная версия

2017 жылғы 29 шілдеде жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндігін зерделеу мақсатында Кәсіпорын қызметкерлерінің тобы Бас директордың орынбасары Н.А. Құсайыновтың басшылығымен «ЭКСПО-2017» Астана көрмесіне барды.

Қорғаныс және қару-жарақ кез келген мемлекеттің қауіпсіздігінің маңызды факторы болып табылады. Тіпті бейбітшілік саясатын ұстанғанның өзінде өз шекараңды сыртқы қауіптен қорғау үшін әрқашан дайын болу керек.

Қазақстан Республикасының таяу көршісі Өзбекстан Республикасын мысалға ала отырып, Қарулы Күштер мен қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жай-күйі мен оны дамуын қарастырамыз.

2017 жылғы 18-20 шілде кезеңінде ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт» РМК делегациясы «МАКС-2017» халықаралық авиациялық-ғарыш салонына (Жуковский қаласы, Ресей Федерациясы) қатысты.

Кәсіпорынның жұмыс тобы 2017 жылғы 27-29 маусым кезеңінде
Белград қаласындағы (Сербия Республикасы)
«Partner-2017» халықаралық қорғаныс жүйесі мен технологиялар көрмесінің жұмысына қатысты.

«Yugoimport - SDPR» - Сербия аналогы мен «Қазарнаулыэкспорт» РМК. Кәсіпорын мемлекеттің 100% меншігінде, Сербияның үкіметін және ӘӨК мүддесін ұсынады.

2017 жылғы 27 маусымда «Партнер 2017» VIII халықаралық қорғаныс жүйесі мен технологиялар көрмесінің салтанатты ашылуы болды, оны Сербия Республикасының Президенті А. Вучич ашты.

ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК делегациясы 2017 жылғы 3-5 шілде кезеңінде Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссиясының 15-отырысына қатысты.

Қазақстан тарапынан ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т. Жанжүменов, Ресей тарапынан Ресейдің Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметі директорының орынбасары В. Дрожжов төрағалық етті.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының 2017 жылғы 19-21 шілде кезеңіндегі Ле-Бурже-2017 52-халықаралық аэроғарыш салонына қатысу үшін Париж қаласына (Франция Республикасы) сапары шеңберінде ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК мамандары ғарыш, қорғаныс техникасы, ұшақ жасау және қозғалтқыш жасау саласында жұмыс істейтін әлемдік корпорациялардың әскери өнімдерінің жаңа үлгілерімен танысты.

Әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында көрме барысында ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директоры Ә. Құрманғалиев «Airbus Defense and Space», «Thales Avionics SAS», «SAFRAN Electronics and Defense», «ECA Group» сияқты басқа да жетекші компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Жоғарыда көрсетілген кездесулер нәтижесі бойынша перспективті және стратегиялық жобалар бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

БҰшақсыз ұшатын аппарат (қысқаша ҰҰА) — ұшқыштың көмегінсіз қашықтан басқарылатын немесе ұшуды автономды түрде орындайтын ұшатын аппарат. Ұшқышсыз техниканың мысалы болып табылады.

Барлаушыдан шабуылдаушы және соққы беруші (бомбылаушы) нұсқаларға дейін түрлі мақсаттағы проперлерлі, реактивті және бұранды қанатты түрде құрастырылады. Әдетте олар қуатты электроникамен, барлау аппаратымен, кедергілерден қуатты түрде экрандаумен жарақтандырады. Барынша байқалмауы үшін шағын көлемде болады. Бірақ толық көлемді ұшақтар сияқты ірі көлемділері де бар.

Барлау және аэросурет жасау үшін пайдаланылатын ҰҰА құс сияқы бүркемелене алады, мұндай жағдайда оларды «дрон» деп атайды. Ұұа-ның басымдылығы ұшқыш және оның тіршілігін қамтамасыз ететін, оны басқаратын және ақпарат шығаратын жүйе болмаған кезде барлау үшін ен аз көлемді іске асыруға, шабуылдаушылар үшін үлкен маневр жасауға бомбылаушылар мен соққы беру ҰҰА үшін тиімді түрде жүк тиеуге мүмкіндік береді. Болжамдар қатарында ҰҰА-ның болашақта тиімді түрде әскери іс-қимыл жасаудың негізгі факторларының бірі болатындығы туралы айтылады.

Кешен құрамы: ҰҰА басқару кешенінің қағидалық сұлбасы

  1. антенналық қондырғы
  2. таратқыш
  3. қабылдағыш
  4. синхрондаушы
  5. дабылдарды өңдеу қондырғысы
  6. борттық электронды есептегіш машина
  7. автоұшқыш
  8. қашықтық өлшеуіш
  9. дайындық алды және ұшқыш тапсырмаларын енгізу пульті
  10. дабылдарды нығыздау сүзгіші
  11. кіреберіс қондырғысы
  12. координаталарды белгілеу қондырғысы
  13. бірінші ауыстырып қосқыш
  14. екінші ауыстырып қосқыш
  15. үшінші ауыстырып қосқыш
  16. максимумды белгілеу
  17. кіреберісті қалыптастыру блогы

ҰҰА-ны қолдану салалары

1) 1) Oрман шаруашылығындағы ҰҰА;
2) Мұнай және газ өндіру, құбыр тарту көлігіндегі тапсырмаларға арналған ҰҰА;
3) Энергетика және байланыстағы ҰҰА;
4) 4) Жерге орналастыру және кадастрға арналған ҰҰА;
5) 5) Жол шаруашылығына арналған ҰҰА;
6) 6) Ауыл шаруашылығындағы ҰҰА;
7) оршаған ортаны күзетуге арналған ҰҰА;
8) 8) Күзет қызметіне арналған ҰҰА.

10 жылдықтағы ұшқышсыз ұшу аппараттары әлем арнмиясының қару-жарақтарында түр. Осы технолгиялардың азаматтық секторға ауысуы 2010 жылы басталды. Ауыз екі тілде әскери емес ҰҰА-ны оларға туыстар жауынгерлік және барлау жүйелерінің үлгілері бойынша дрондар немесе ұшқышсыздар деп атайды.
ҰҰА-ны қайта жұмылдырудан кейін ол жаңа карьерасын бастады. Өткен бесжылдықта әскери емес дрондарды әлемдік сату төрт есеге артты. АҚШ билігінің бағалауы бойынша тек осы елдің өзінде шағын хобби-дрондар 2021 жылға қарай 3,5 млн бірлікке, ал коммерциялық – 442 мың бірлікке артуы мүмкін.
2016 жылы PRICEWATERHOUSE COOPERS (PwC) консалтингілік компаниясы онжылдықтың аяғында осы индустрияның 6000 пайызға өсу мүмкіндігін айтты: коммерциялық шешімдер нарығы бүгінгі күні 2 млрд доллардан 2020 жылы 127 млрд долларға дейін артып кетуі мүмкін.
PwC дрондарды пайдалану әр түрлі салаларда әсіресе ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ойын-сауық саласында кеңінен таралуы мүмкін деп санайды.
ҰҰА-ны сатып алу көлеміне қатысты айтар болсақ, бұл жерде бірінші орында жақын он жылдықта бұрынғысынша АҚШ қалады – 34,9 % (13,66 млрд доллар). Азия өңірінде 36,6 % (14,33 млрд доллар), еуропалық елдерде 14,6 % (5,77 млрд доллар), әлемнің қалған елдерінде 13,9 % (5,45 млрд доллар).
Америкалық аналитиктер Африкада, Орта Шығыста және Латын Америкасында ҰҰА-ны сату 0,5 млрд долларға жетуі мүмкін деп болжауда. Әлемдік нарықта Israel Aircraft industries және Elbit Израиль компанияларының өнімдеріне қызығушылықтың артуы мүмкін. Ол әсіресе экспортқа байланысты және кеңеюі есебінен 3,68 пайыз көлеміндегі әлемдік нарықты бақылап отыра алады. .

Forecast International америкалық консалтингілік компанияның таяу 10 жылға
арналған ҰҰА-ны әлемдік нарыққа тарату туралы болжамы

Еуропа елдеріне шамамен 15% (5,77 млрд доллар) ҰҰА-ны сатып алу келеді, сонымен бірге осы қарастырылып отырған кезеңде еуропа компаниялары 4 пайыздан аз ұшқышсыз технкиа шығарады. Осы айтарлықтай үйлесімсіздікті еуропа елдері ұшқышсыз техника саласындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы шешуге тырысатын болады.

Әлемнің жетекші елдерінің ҰҰА бағдарламаларын талдауы осы ұшу аппараттарын адам қызметінің түрлі салаларында пайдаланудың әмбебап және сапалы мүмкіндіктерін көрсетеді. Бейнекамерамен жарақтандырылған ұшқышсыз ұшатын аппараттар әскери мақсатта ғана емес сонымен бірге түрлі мақсаттарда – төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер жұмысында, мұнай және газ өндіру тапсырмалары үшін, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, полицияда, энергетика және байланыста, орман және балық аулауда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жеңілдету үшін пайдаланылады.
Осылайша жоғарыда айтылған әлемдік жетекші өндірушілердің ақпаратына сүйене отырып, Қазақстан Республикасында әскери және қос мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппаратттарын әзірлеу және жасау туралы мәселені қарастыруға болады, бұл ретте осы процеске отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын толық тарту қажет.




Ақпарат көздері:

  1. http://www.airwar.ru/bpla.html
  2. http://ru.wikipedia.org/wiki/UAV
  3. http://www.ispl.ru/Sistemy_upravleniya-BLA.html
  4. http://teknol.ru/products/aviation/uav/
  5. https://militaryarms.ru/voennaya-texnika/aviaciya/bespilotnye-letatelnye-apparaty/
  6. http://www.uavstart.ru/?uic_map=05012013203313&login_map=us
  7. http://vpk-news.ru/articles/18914
  8. http://bespilotnik.today
  9. https://te-st.ru/2017/05/12/drones/

  Бүгінгі күні НАТО әскери күштері (АҚШ пен Еуропа) персоналды азайтуға, шұғыл мүмкіндіктерді жаңғыртуға және құрылымын қайта қарауға бағытталған бірлескен бағдарламаларды іске асыруға кірісті.

         Осы бағдарламалардың шеңберінде «Болашақ сарбазы» атты жоба пайда болды, онда XXI ғасырдың технологиялық жетістіктері негізінде жеке алынған жауынгердің өнімділігін және тиімділігін арттыру саласында атқарылған жұмыстарды біріктіріледі. Осы тұжырымдама жауынгердің түнде көру жүйесін, жайғастыру мен навигацияны,жақсартылған нысананы бағыттау жүйесін, жауынгердің психофизиологиялық параметрін бақылау жүйесін, жаңа динамикалық қорғаныс құралын пайдалануды тұспалдайды.