Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Обычная версия

ПВ-17 тапаншасы

Беларус атыс қаруы  мен оқ-дәрілерді өндіруге  ниетті. tut.by порталына (2018 жылғы 3 желтоқсанда) Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы Роман Головченконың сұхбатынан үзінділерді жариялады, онда ол атыс қаруын экспорттаушысы  мемлекеттің жоспарлары туралы айтты.

Р. Головченконың айтуы бойынша Орша қаласының (Витебск ауданы) жанынан құрылыс зауыты жүргізіліп жатыр. Бастапқыда мұнда атыс қаруына арналған патрондарды өндіруді салу керек болатын.Кейінірек «атыс» импортын құрастыруға, содан кейін отандық моделдердің өндірісін құруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Госкомвоенпроманың жоспары беларус атыс қаруын өндіруді ғана емес, сонымен оны басқа елдерге экспорттауға шығарады.  2018 жылдың қаңтарында Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеттің көрмесінде 9-19 мм Parabellum тапаншасының ПВ-17 калибрі көрсетілді, ол арнайы бөлімшелер үшін емес, азаматтық нарыққа арналған.

ПВ-17 тапаншасы 50 метрге дейін қашықтықты көздеп атуды қамтамасыз етеді, қорап 17 патронға есептелінген. Тапаншаның ұзындығы-220 мм, ені – 30 мм.

2017 жылғы мамырда «Белспецвнештехника — Новые технологии» компаниясының MILEX-2017 көрмесінде ПСН-В жаңа тапаншаны таныстырды (Васильевтің жасырын тағу тапаншасы). Олар сериялы өндірісте шығарылатын белорустық әзірлеме моделдерінің алғашқыларының бірі болуы мүмкін.

 

Дереккөз:

https://zbroya.info/ru/blog/16778_belarus-khochet-proizvodit-strelkovoe-oruzhie/

http://www.yaplakal.com/forum3/topic1733533.html

«2nd IoT Forum Astana» – Интернет заттардың 2 Халықаралық форумы өтті.

Онда Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев сәлемдесу сөзін сөйледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұловтың төрағалық етуімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасын орындау мақсатында а.ж 22 қарашада ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі Р.К. Бекжігітов пен ҚР Қорғаныс министрінің Бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы М.Ж. Майкеевтің, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Д.А. Ділмановтың, ҚР Ұлттық гвардиясы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор С.Т. нұрахметовтың және ҚР ІІМ Техникалық қызмет департаментінің бастығы Т.Т. Ахметовтың қатысуларымен жиналыс өткізілді.

ҚР Қорғаныс жәнен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов БАӘ-нің Қр-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмад Султан Эсса Альджабермен кездесті.

Пекинде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізді, сондай-ақ ірі қытайлық компаниялардың басшыларымен және сараптамалық құрылымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Шэньчжэнь қаласында Б. Сағынтаев әлемдік инновациялық көшбасшылар – SF Express, Tencent Holding және Huawei Technologies корпорацияларының даму тәжірибесімен танысты.

2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті.

Семинарға Министрлік ведомстволарының және департаменттердің қызметкерлері қатысты.

Украинаның Қарулы Күштері «Укроборонпром» кәсіпорнында өндірілген тағы бір қару -жарақ пен техниканың «ірі» партиясын алды. Жеткізу 2018 жылғы 15 қарашада өтті, деп хабарлайды Интерфакс-Украина.

Басылымның мәліметі бойынша, «Укроборонпром» кәсіпорны жалпы Украинаның Қарулы Күштеріне 65 бірліктен астам қару-жарақ пен техниканың, оған қоса бронды техникаларды тапсырды. Барлығы әскерлер Киев бронды танк зауытында   қалпына келтірілген Т-72 танкісі мен бес
БТР-3-ті алды.

Сондай-ақ, 50 ПТРК-ні, оның ішінде 20 Стугна-П мен
30 Корсар танкке қарсы кешендерді, Квант-Радиолокация радиолокациялық жүйелердің КП ғылыми-зерттеу институты әзірлеген және шығарған мобильді айналмалы радиолокациялық Delta жүйесін бергендігі туралы хабарланады.

Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Белоруссияда жаңа жер үсті ұшқышсыз ұшатын аппаратты жасады. «Белспецвнесштехника» компаниясы  жасаған қолданыстағы прототиптің дайын нұсқасын осы жылғы қазан айының басында ӘӘК мен ӘШҚҚ 174-ші жаттығу базасының полигонында көрсетті, -деп  хабарлайды Jane's.

Ресей Қорғаныс министрлігі бронды техникаларды дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті. Барлық жеңіл жауынгерлік машиналар үшін (ЖӘЖМ, БТР және брондалған автомобильдер) 57 мм - жаңа максималды калибрі таңдалды.