Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу қызметтерін көрсету бойынша комиссиялық сыйақы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 06.11. № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағиданың (бұдан әрі-Қағида) 22-тармағына сәйкес «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директорының 2020 жылғы 09.01 № 2 бұйрығымен пайдаланылмайтын мүлікті өткізу қызметтерін көрсету бойынша комиссиялық сыйақы деңгейі 15% мөлшерінде бекітілді.

 Қағиданың 42 тармағына сәйкес Сатып алушы сатушыға лотты сату бағасының 15% мөлшерінде комиссиялық сыйақы төлейді.

Сыйақы төлеудің толық тәртібі Қағидада көрсетілген.

 

 

Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссиясының 10-шы отырысының хаттамасын орындау шеңберінде ҚР ИДМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК делегациясы Бас директор Қ.С. Нұрпейісовтың басшылығымен 2019 жылғы 9-12 желтоқсан аралығында Беларусь Республикасына барды.

Сапардың мақсаты пайдаланылмайтын ҚӘТ өткізу тәртібі мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ Кәсіпорын делегациясын ҚӘТ жөндеу және жаңғырту бойынша Беларусь Республикасының ҚӨК кәсіпорындарының мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Сапар мақсатына сәйкес делегация «Белтехэкспорт» ЖАҚ басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді және ҚӨК кәсіпорындарына барды: «БСВТ – новые технологии» ЖШҚ, «52566 завод по ремонту радиоэлектронного вооружения» ААҚ, «140 ремонтный завод» ААҚ, «558 авиационный ремонтный завод» ААҚ.

Сапардың нәтижелері бойынша «Белтехэкспорт» ЖАҚ басшылығымен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойылды.

 

Чехиялық «Omnipol a.s.» компаниясымен келісімшартты орындау шеңберінде күрделі жөндеу мен жаңғыртуға L-39 оқу ұшақтарының бірінші партиясы жіберілді.

ҚР ҚК ӘШҚҚ әскерлері үшін МҚТ жеткізу бойынша іс-шаралар жалғасуда.

 

Қазақстан Республикасының 2019 жылға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындау шеңберінде Кәсіпорын Тапсырыс берушімен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан 39 шарт жасасты, оның ішінде келесі көлемде:

- ҚР Қорғаныс министрлігі 96%-ға;

- ҚР Ұлттық ұлан 91,6%-ға;

- ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі 100%-ға атқарды және орындады.

Сондай-ақ, Кәсіпорын Қазақстан Республикасының бюджетіне қайтарылатын бюджет қаражатын едәуір үнемдегенін атап өткім келеді.

Осылайша, Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жоғары мүмкіндіктерге ие озық жоғары технологиялық қазіргі заманғы қару-жарақ үлгілерімен және әскери техникамен үнемі жабдықтайды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етеді.

 

Тиісті жабдығы бар Су-30СМ ұшақтарының партиясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері үшін Талдықорған әуеайлағына жеткізілді.

Қорғаныс тапсырысының міндеттемелерін орындау шеңберінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымдарының мұқтаждары үшін ПАЗ автобустарын, екі орындық баггаларды, қарда батпақта жүргіштерді жеткізді.

 

 

Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.

Анкарада 2018 жылғы 13 қыркүйекте келісімге қол қойылды.

          Құжаттың негізгі мақсаты Қазақстан мен Түркия арасындағы тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаттары негізінде ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады.

          Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл әскери даярлық және оқыту, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, қорғаныс өнеркәсібі, бітімгершілік операциялары, әскери, ғылыми және техникалық зерттеулер сияқты әскери ынтымақтастық салаларын және басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.

          Келісім шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың жылдық жоспарларын әзірлейтін болады.

 

Дереккөз: ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН, 2019 жылғы 5 желтоқсан.                   Нұр-Сұлтан қаласы.

 

 

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» № 236-VІ ЗРК Заңымен қорғаныс өнеркәсібі, Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы саласындағы қоғамдық қатынастар, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелері реттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымын анықтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы №832 қаулысымен Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілді.

 

Кәсіпорын қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізімі

 

  1. «Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысы.
  2. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі №687 қаулысының
    3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-бап).
  3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы №1039 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №1920 қаулысы.
  4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №565 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №39, 491-бап).
  5. «Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №12, 85-бап).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы №724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №58, 361-бап).

 

 

2019 жылғы 28-29 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждары үшін «Адъютант» әмбебап нысана-жаттығу кешенінің, сондай-ақ 12А6 трассалық радиолокациялық кешенінің, РСП-28М радиолокациялық станциясының және 1Л122-Е шағын көлемді радиолокациялық станциясының техникалық консультациялары мен таныстырулары өткізілді.

 

«KADEX-2018» халықаралық қару-жарақ және технологиялар көрмесінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК мен «Иркут» корпорациясы» АҚ (Ресей Федерациясы) арасында жасасылған келісімшарт шеңберінде ҚР ҚК мұқтаждары үшін Талдықорған қаласындағы авиациялық базаға кезекті 4 (төрт) СУ-30СМ ұшағын толық көлемде жеткізу жүзеге асырылды.

Су-30СМ – 4++ ұрпағының ауада үстемдік алуға арналған көп мақсатты ауыр жойғышы.

Бүгінгі күні Су-30СМ әлемдегі ең үздік жойғыш болып табылады және тамаша сипаттамалары бар.

Аталған ұшақтарды жеткізу қазақстандық ӘӘК авиациялық паркін біріздендіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік берді.

 

 

           2019 жылғы 21 қарашада Мәскеуде Президенттің көмекшісі – Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевпен кеңес өткізді, кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы ресейлік-қазақстандық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жаһандық сауда қырқыстары мен санкциялық саясатты қолдану жағдайында инновациялық-индустриялық және әскери-техникалық салалардағы бірлескен іс-қимылдарға және ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

          Сондай-ақ, кеңестерге РФ мен Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.

 

Дереккөз: https://www.akorda.kz/ru/executive_office/executive_office_news/kalmuhanbet-kasymov-provel-peregovory-s-sekretarem-soveta-bezopasnosti-rossii-nikolaem-patrushevym

2019 жылғы 15 қараша

 

Украинада УҚК-ге сапасыз амуницияларды жеткізуге байланысты кезекті жанжал орын алды. Мемлекеттік тергеу бюросының директоры Роман Трубаның мәлімдемесіне сәйкес, УҚК-ге сапасыз бронды кеудешелерді жеткізу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Украина әскери ведомствосының заттай мүлікті сатып алуға және сапасын бақылауға жауапты бес жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды.  

Алдын ала келісім бойынша бұл тұлғалар Украина Қарулы Күштері үшін сапасыз заттай мүлікті жоғары бағамен, сондай-ақ техникалық талаптарға жауап бермейтін мүлікті сатып алуды жүзеге асырған.      

Сөз «Корсар МЗс-1-4» («ТЕМП-3000» ҰҚП Украина компаниясы) қорғанысы 1-4-сыныптарының мәлімдеген талаптарға сәйкес келмейтін бронды кеудешелер туралы болып отыр. Баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша бронды кеудешелердің 70% - ы олар қорғауы тиіс қару түрлерімен атылатыны анықталды.

Украина Қорғаныс министрлігі жалпы құны 176 млн. гривен тұратын 20 мың бронды кеудешелер сатып алған екен, оның 7 мың бронежилет жарамсыз болып шықты. Бұл ретте әскери ведомствоның шенеуніктері бастапқыда ақаулы партия туралы білгендігі расталады. Шығындар құны 61 млн. гривенді құрады.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/346263_minoborony_ukrainy_zakupilo_bolshuyu_partiyu_brakovannyh_bronezhiletov.html