2019 жылғы 11 қарашасында «Укроборонпром» украиналық мемлекеттік концерні «Укроборонпром»  МК кіретін «Антонов» мемлекеттік кәсіпорны Перудің Ішкі істер министрлігінің Ұлттық полициясы үшін Ан-178 әскери-көлік ұшағын жеткізіп, қол қойылған шартпен белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратынын хабарлады.

Бұған дейін а.ж. тамызында Ан-178 Перу ІІМ-нің Перу Ұлттық полициясы авиациясында Ан-32Б пайдаланылатын бір көлік ұшағын ауыстыруға арналған тендерінде жеңімпаз болып жарияланды. Ан-178 бәсекелестері танымал  Leonardo C-27J Spartan және Airbus С295M сериялық ұшақтары болды. Украина тарапы Ан-178 ұшағын 65 млн. АҚШ долл. Бағаға жеткізуді ұсынды.

 

Дереккөз: http://bastion-opk.ru/

 

                             Ми-171А1 жүк жолаушылар тікұшағы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан ресейлік Ми-171 тікұшақтарын құрастыруды жоспарлап отыр деп журналистерге мәлімдеді.

“Бірнеше жоба бар, олар авиациямен байланысты. 405-ші зауыт базасында Ми-171  тікұшақтарын құрастыру жоспарлануда. Биылғы жылы тікұшақтардың 12 жиынтығы жұмыста болады”, - деп Б. Атамқұлов Ресей мен Қазақстанның Омсктағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында мәлімдеді.

2019 жылғы 6-7 қарашасында Омскіде “Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері” тақырыбында Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы өтті.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/344099_kazahstan_planiruet_naladit_sborku_rossiiskih_vertoletov_mi171.html

 

2019 жылғы 6-7 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК мен «Иркут» корпорациясы» АҚ арасында жұмыс кездесулері өтті, оның барысында қару-жарақты жеткізу және ӘТЫ шеңберінде одан әрі компаниялар арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ҚК мұқтаждары үшін 4 (төрт) Су-30 СМ ұшағын жеткізуге арналған Келісімшартқа қол қойылды.

 

2019 жылғы 5-7 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан-Түрік техникалық және қорғаныс-өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен комиссиясының оныншы отырысы өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан және Түрік компаниялары арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Комиссияның түрік және қазақстандық тараптары техникалық және қорғаныс-өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға екі жақты мүдделілігін растады.

28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсыру салтанаты өтті. Бұл борт Тәжікстандағы Airbus Helicopters алғашқы тікұшағы болып табылады. Тікұшақты «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС (50%) мен Airbus Helicopters компаниясы (50%) бірлесіп жинады.

Еурокоптер зауытында өткен тікұшақты тапсыру салтанатына Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, Airbus Helicopters, Қазақстан инжиниринг, KazakhExport компаниялары басшылығының, әлеуетті/қазіргі тапсырыс берушілердің өкілдері қатысты.

«Бүгін ұсынылған тікұшақ – өз класындағы басқа бір қозғалтқышты тікұшақтардан асып түсетін сенімді және заманауи машина. Бұл модель Эверест тауына ұшу мен қонуды орындап, әлемдік рекорд орнатты», - деп өз сөзінде вице-министр атап өтті.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру ««KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қатысуымен, қаржыландыруымен, қолдауымен мүмкін болғандығын айта кету керек.

Анықтама үшін: «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС – Airbus Helicopters тікұшақтарын сатумен, ЕС145, Н125, Н130 тікұшақтарын өндірумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен, сондай-ақ, техниктер мен ұшқыштарды орыс және ағылшын тілдерінде оқытумен айналысатын ТМД және Орталық Азия елдеріндегі жалғыз кәсіпорын.

Тікұшақтардың ұшу жарамдылығын қолдау, сондай-ақ, оларды жөндеу және техникалық қолдау қызметтерін көрсету мақсатында зауыт жанынан сервистік орталық ашылған болатын. Орталық кәсіпорынның қоймасындағы бөлшектер  мен құрал-саймандардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мұнда жоғары технологиялық жабдық та бар. Білікті мамандардың жедел қызмет көрсетуі  сапа, өндіріс және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді.

 

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Үкіметі 2019 жылғы 24 қазандағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетін құру және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыны бекітті» деп Zakon.kz. хабарлайды

- Құжатта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті құрылсын, - делінген.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дереккөз:

https://www.zakon.kz/4992472-sozdan-komitet-gosudarstvennogo.html

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 870-к бұйрығымен «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Бас директорының міндетін атқарушы болып Қайрат Сәулебекұлы Нұрпейісов тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 869-к бұйрығымен «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Бас директордың орынбасары болып  Дулат Рашитұлы Құсдәулетов тағайындалды.

2019 жылғы 21 қазанда Кәсіпорын ұжымына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице – министрі Т.Ж. Жанжүменов жаңа басшылықты таныстырды.

     Кәсіпорын 1995 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мемлекеттің қорғаныс қабілетін ұстауда жәрдемдесу мақсатында құрылды.

24 жыл өтті, осы кезеңде Кәсіпорынның атауы және уәкілетті органы бірнеше рет өзгерді. Қазіргі уақытта Кәсіпорын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.

Кәсіпорын күнін мерекелеу аясында қызметкерлер арасында «Қазақшаңыз қалай, әріптес?» атты мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша байқау өткізілді. Байқауға құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысып, нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпазды анықтады, сондай-ақ әр қатысушыны номинациялады.


 

 

Осындай байқау алғаш рет өткізіліп, оң пікірлер тапты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейіне бірлескен жорық ұйымдастырылды, онда Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы бар өткен оқиғалармен және бірегей көрме экспонаттарымен танысты.

 


Сербияда ресейлік сыйлық – БРДМ-2МС брондалған барлау-шолғын машинасының жаңа модификациясын жоғары бағалады.

РТС арнасы бұл машина туралы репортаж түсірді, оның іс-әрекеттері полигондардың бірінде өтті. БРДМ қару-жарақты қалай қолданатындығы көрсетілді: 14,5-мм КПВТ пулеметі және онымен қосарланған 7,62-мм ПКТМ.

Ішкі жабдыққа, атап айтқанда, 5 000 метрге дейін күндіз және 3 500 метрге дейін түнде жауды табуға мүмкіндік беретін жетілдірілген отты басқару жүйесіне үлкен көңіл бөлінген. Спутниктік навигация кешені, айналмалы шолу камерасы бар. 

Жаңа аспалы бронь жақсы қорғанысты қамтамасыз етеді. Маңдайға ол 14,5 мм, ал бортқа-12,7 мм-ден бастаған оқтың түсуіне шыдайды. Минаға қарсы төзімділігі де күшейтілген.

Салмағы-6 900 кг. Дизель қозғалтқышының қуаты-150 а.к. Тас жолдғаы ең жоғарғы жылдамдығы-100 км / с. Жүру қоры-1 500 километр.

Әскери сарапшылар атақты БРДМ-ның жаңартылған нұсқасын қолда барлардың  ең үздігі деп санайды.

Дереккөз: https://vestnik-rm.ru/news/oborona-i-bezopasnost/bardak-velikolepnyj-v-serbii-ocenili-dostoinstva-podarennyh-brdm-2ms?utm_source=warfiles.ru

 

Ресей Федерациясының Қарулы Күштеріне ең жаңа өздігінен жүретін 82-мм «Дрок» минаатқыштарын және өздігінен жүретін 120-мм «Флокс» артиллериялық қаруларын жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы 2019 жылғы 1 қазанда «Уралвагонзавод» АҚ-ның әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі армия генералы Алексей Маслов ТАСС-қа берген сұхбатында мәлімдеді.

««Набросок» жобасы шеңберінде Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген «Флокс» өздігінен жүретін артқондырғысы мен «Дрок» минаатқышы алдын ала сынаудың соңғы сатысында тұр. Барлығы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Олардың сериялық дайындалуына келісімшарт бар,- деді А. Маслов».

 

САУ "Флокс" 

 

«Флокс» 120 мм қару 6×6 доңғалақты формулалы «Урал-4320» әскери бронеавтомобильінің негізінде құрастырылған. Қару алғаш рет «Армия-2016» форумында көрермен назарына ұсынылды. Жаңа ӨЖАҚ-ның басты ерекшелігі – минаатқыш миналарының барлық типтерімен және дайын үстемелері бар снарядтармен атуды қамтамасыз ететін аралас жартылай автоматты ойық құрал. Қару гаубица және минаатқыш сияқты ата алады, сондай-ақ тікелей нысанамен атуда қолданылады.

   

«Дрок» өздігінен жүретін кешені брондалған «Тайфун-ВДВ» автомобилінің негізінде құрылған. Минаатқыш қалыпты 82-мм
оқ-дәрілермен, сондай-ақ қуаты мен алыстығы жоғары жаңа миналармен де ата алады.  Машинаның жауынгерлік бөлімшесінен және жерден атуына жол беріледі.   
          РФ Қорғаныс министрлігі бұған дейін «Дрок» мобильді минаатқышының мемлекеттік сынағы 2019 жылы өтеді деп хабарлады.

 

 

Дереккөз: https://военное.рф/2019/Гособоронзаказ54/

 

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссиясының XVII отырысы өтті.

Қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Талғат Жанжүменов, ресейлік тараптан Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметі директорының орынбасары Владимир Дрожжов төрағалық етті.

"Қазақстан мен Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша бірлескен үлкен жұмыс атқарылды. Біздің жұмысымыздың қарқыны, бірінші кезекте, біздің халықтарымыздың жақындығы, біздің мемлекеттердің  басшылары мен үкіметтерінің саяси және экономикалық салалардағы интеграцияны дамытуға бағытталған қызметі туралы түсінік береді",-деп атап өтті Т. Жанжүменов кездесуді аша отырып.

Сондай-ақ, кіші комиссия жұмысына "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "№405 авиажөндеу зауыты" АҚ, "Қазақстан авиациялық индустриясы" ЖШС, "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Семей инжиниринг" АҚ, "Тыныс" АҚ, "Парамаунт Қазақстан инжиниринг" ЖШС, "Орал "Зенит" зауыты "АҚ," «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты»,  "Рособоронэкспорт" АҚ, "РСК "МиГ" АҚ "Ресей тікұшақтары "АҚ, "ВКО концерні" Алмаз-Антей "АҚ,  "ОАК "АҚ, АҚ, "Концерн ВКО", «Оралвагонзауыт» ҒӨК АҚ және басқалар қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар 50 ден астам әскери-техникалық саладағы ағымдағы және перспективалық екіжақты ынтымақтастық мәселелерді, оның ішінде өзара жеткізу, бірлескен өндірістер, сондай-ақ Қазақстан аумағында өндірістің жекелеген түрлерін оқшаулау мәселелерін талқылады. Біздің елімізде зениттік зымыран кешендерін, азаматтық және әскери мақсаттағы "Ми" үлгісіндегі тікұшақтарды, сондай-ақ бронетанк техникасын жөндеу өндірісін оқшаулау және сервистік қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобалардың табысты дамуы атап өтілді.

Қазақстан мен Ресей жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру, жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорындар құру тәжірибесін өз күш ведомстволарына, сондай-ақ үшінші елдерге экспорттау үшін жалғастыруға келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша кіші комиссияның өкілеттіктерін кеңейту және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Ресей комиссиясын құру мәселесін пысықтау туралы шешім қабылданды.