Израиль «The Times of Israel» газеті 2018 жылғы 26 шілдеде "Israel looks at massive military aircraft purchase from US firm Boeing" материалында Израиль америкалық Boeing корпорациясымен F-15IA жойғыштарын,  КС-46А жанармай құйғыш ұшақтарын, V-22 Osprey көліктік конвертопланды және CH-47F Chinook көліктік тікұшақтарды сатып алу туралы шамамен 11 млрд. долларды құрайтын Израиль тарихындағы ең ірі кешенді келісімшарттың жасасу үшін келіссөздер жүргізуде,- деп хабарланады. Келісімшарт толығымен Израильге америкалық әскери көмек есебінен қаржыландырылатын болады. Техниканы жеткізу келісім жасасылған сәттен бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.

Оңтүстік Кореяның K2 «Чёрная пантера» негізгі жауынгерлік танкісі жаңа нұсқасын алды. Сеулде өткен DX Korea Defense Exhibition көрмесінде Hyundai Rotem компаниясы K2 Black Panther ОБТ  «пустынный» нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды militaryrecognition.com порталына сілтеме жасай отырып, «Военный паритет».

 

Бронды техниканы өндірумен айналысатын және соңғы жылдары Украинаға Spartan және Cougar бронды машиналарын жеткізумен ерекше «аты шыққан» танымал Канада-Әмірлік компаниясы Streit Group өзінің веб-сайтында өз өнімінің жаңа үлігісін - 4х4 доңғалақ формуласы бар Falcon бронды автомомбильді ұсынды. Жарнамалық фотоматериалдардан көргендей Fаlcon Ресейлік "Военно-промышленная компания" ЖШҚ ГАЗ тобының құрамына кіретін) әзірлеген және шығыраған «Тигр-М» бронды автомобилінің іс жүзіндегі толық клоны ретінде ұсынылды.

2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Казарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК басшылығы мен «Radio Television Vojvodina» компаниясының (Сербия) өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, кездесу барысында екі елдің арасындағы ғылыми-техникалық қол жеткізулермен алмасу бөлігіндегі екі жақты ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.

"Интерполитех-2014-тегі" "Зала Аэро груп"  стендідегі Zala 421-08M ҰҰА.

Дереккөз: ТАСС / Карпов Ладислав

 

МӘСКЕУ, 12 қыркүйек - РИА Новости. «Калашников Медиа» ақпаратына сәйкес, «Калашников» концерні суда қонуға қабілетті ұшқышсыз ұшу аппаратын жасап шығарды.

ZALA 421-10 ұшқышсыз ұшу аппараты ZALA 421-08M негізінде құрылды және ауа райын талғамаулықты, жеңіл салмақты, жылдам іске қосылуды, және күшті желге тұрақтылықты қамтитын «ұшатын қанат» түріндегі барлық артықшылықтарына ие.

«Ұшқышсыз ұшатын кеменің су бетіне қонуға қабілеттілігі батпақты жерлерде және су айдындары үлкен аудандарды алып жатқан аймақтарда БВС-ты қолдану кезінде, мысалы, Сібірдің орталық бөлігіндегі тұрба құбырларына мониторинг жүргізу кезінде артықшылығы бар», - делінген хабарламада.

ҰҰА ұзақ ұшу уақытымен ерекшеленеді - екі сағаттан артық, оның мақсатты жүктемелері мен су өткізбейтін дизайны жақсартылды. 24 мегапикселді рұқсаты бар ішкі камера аэрофототүсірілімді жоғары жылдамдықта сақтауға мүмкіндік береді, ал HD-бейнекамера жоғары сапалы бейнені ұсынады.

Бұған дейін дереккөз РИА Новостиге, Ресейде басқа ұшқышсыз ұшатын амфибиялық ұшақ әзірленіп жатқанын айтқан болатын, бірақ өндіріс мәселесін  әлеуетті құрылымдармен талқылау жоспарлануда.

 

Осы материал құқығы РИА Новости тиесілі

Дереккөз: https://vpk.name/news/227709_kalashnikov_sozdal_bespilotnik_sposobnyii_saditsya_na_vodu.html

Люксембургтегі жалпы юрисдикция ЕК соты бірқатар ресейлік банктер мен компаниялардың ЕК санкцияларын тоқтатуды талап еткен талаптарын жоққа шығару туралы шешім қабылдады.

 Сотқа өтініш бергендердің арасында Сбербанк, ВТБ, ВЕБ, «Газпром нефть», «Алмаз Антей» және басқалары болды.

2018 жылғы 13 қыркүек  

 

Дереккөз:

https://www.mk.ru/politics/2018/09/13/sud-es-v-lyuksemburge-otkazal-ryadu-rossiyskikh-kompaniy-v-otmene-sankciy.html

2018 жылғы 14 қыркүйекте «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдылық бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) отырысы өткізілді.  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің шешімімен өзекті деп танылған жобаларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде ҚР ҚАӨМ ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру сомалары ҰҒК отырысында қорғалды.

  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) жеке компаниялармен ынтымақтастықты арттыру аясында мұнай-газ ұңғымаларын күрделі жөндеуге арналған ПАП-80/100 көтеру құрылғысын дайындап, құрастырып, сынақтан өткізіп, пайдалануға берді.

Радиоэлектрондық мылтық «Пищаль» / Фото: Антон Тушин

 

Ресей "Пищаль" дронға қарсы мылтықты және "Таран" тұрақты радиоэлектрондық кешенді Сербия мен Оңтүстік Осетияға жеткізеді,- деп хабарлады "Автоматика" (Ростехке кіреді) концернінің бас құрасытрушысы Сергей Букашкин.

«Ұсынылған екі үлгіні де біз Сербияға және Оңтүстік Осетияға жеткіземіз» - деп айтты С. Букашкин  РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың "Гидроавиасалона-2018" экспозицияларын аралаған кезінде оған жасаған баяндамасында.

Бас құрастырушының айтуынша тұрақты  "Таран" дронға қарсы кешен
3 шақырым қашықтықта, ал "Пищаль" мылтығы - 2,5 шақырым қашықтықта жұмыс істейді. "10 шақырымға дейін созылған "Тигр" бронды автомобилі негізінде (дронға қарсы кешеннің - ред.) екі нұсқасы бар- деп түсіндірді
С. Букашкин.

  Бұған дейін «Автоматика» концернінің өкілі РИА-Новостиге «Пишаль» мылтығы шынайы жауынгерлік жағдайларда сыналған және өте жақсы нәтижелер көрсеткен.

«Пищаль» - салмағы үш килограмм радиоэлектронды мылтық, ол мақсатты анықтай алады және оның навигациясы мен байланысын абрлық ықтимал жиілікте жоя алады.

ГЕЛЕНДЖИК, РИА Новости

Дереккөз:

http://www.arms-expo.ru/news/vzaimodeystvie/razrabotchik_rasskazal_ob_eksporte_protivodronnykh_ruzhey/

LANCA 2.0.

Дереккөз: armyrecognition.com

 

Польшадағы MSPO 2018 Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде жергілікті Wojskowe Zakady Electroniczne (WZE) компаниясы кішкентай ұшатын объектілерді бейтараптандыруға арналған жаңа LANCA 2.0 ұшқышсыз ұшатын аппараттарымен таныстырады, деп хабарлайды armrecognition.com (2018 жылғы 6 қыркүйек).

 Лаңкестердің қолында немесе қақтығыстар кезіндегі шағын ҰҰА-ның ықтимал қатері шындық болып табылады - бүгінгі күні бұл ұшатын аппараттар бақылаушы камераларды немесе күшті жарылғыш заттарды алып жүруі мүмкін. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар әскерлер мен қауіпсіздік күштеріне жаңа қауіп деңгейін құрды, сонымен бірге азаматтық электростанцияларына, спорт алаңдарына, кемелерге, темір жолдар мен құбырларға қауіпті кеңейтті.

Осы себептерге байланысты қарулы күштер мен қауіпсіздік күштері ұшқцышсыз ұшатын аппараттарға қарсы технология әзірледі. LANCA 2.0 класының жаңа апппараты электронды басуға арналған, ол 1000 м дейін қашықтықта ұшақтарды бейтараптандыруға қабілетті кең диапазон жиіліктеріне ие. Планердің жоғарғы жағында тактикалық нысан орнатылатын Picatinny рельсі бар.

Жақында поляк Қару-жарақ инспекциясы NIDA бағдарламасы бойынша жергілікті және халықаралық компаниялармен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) табу және оларға қарсы күрес жүйесін жеткізу бойынша техникалық сұхбат жүргізді.


Осы материалға құқығы «Военный паритетке» тиесілі

Дереккөз: https://vpk.name/news/227153_polskii_antidron_lanka.html

2018 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК  басшылығының Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынышты бөлімшелерінің қатысуымен «Системы радиолокации» холдингінің басқарушы компаниясы – «КБ Радар» ААҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, кездесу барысында компания өкілдері  кәсіпорын жасап шығаратын жаңа әзірлемелер мен өнімдер туралы ақпаратты айтты және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.