Өзбекстан: Дербес қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың негізінде Қарулы Күштерді жарақтандыру

Қорғаныс және қару-жарақ кез келген мемлекеттің қауіпсіздігінің маңызды факторы болып табылады. Тіпті бейбітшілік саясатын ұстанғанның өзінде өз шекараңды сыртқы қауіптен қорғау үшін әрқашан дайын болу керек.

Қазақстан Республикасының таяу көршісі Өзбекстан Республикасын мысалға ала отырып, Қарулы Күштер мен қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жай-күйі мен оны дамуын қарастырамыз.

Қарулы Күштер

Сарбаздар саны: қарулы күштерде 48 мың жауынгер және ішкі әскерлерде 20 мың сарбаз.

Армия бюджеті: 1 миллиард 703 миллион АҚШ доллары.

Өзбекстанның Қарулы Күштері құрлық әскерлерін, әуе қорғанысы күштерін, әуе қорғанысына қарсы әскерлерді, арнайы әскерлерді, ұлттық ұлан мен әскери өзен күштерін қамтиды.

Қ ару-жарағы: 343 танк, 399 жаунгерлік жаяу әскерлерінің машиналары, 19 броньды барлау машинасы, 607 броньды транспортер, 39 танкіге қарсы қару-жарақ, 108 дүркін оқ ату реактивтіжүйесі, 6 тактикалық зымыран кешені, 373 артиллериялық жүйе, 101 жауынгерлік ұшақ, 45 көлік ұшағы,
128 тікұшақ, 45-тен артық зенитті-зымыран кешені.

Әлемдік рейтингі: «Жауынгерлік қуат индексі» халықаралық сайтындағы деректерге сәйкес
48 орын.

Анықтама ретінде:Өзбекстанның қорғанысына арналған шығын соңғы жылдары ЖІӨ-нің 3,2-4,5%-ын құрады (2009 жылы - $1,238 млрд.; 2010 жылы - $1,422 млрд.; 2011 жылы - $1,43 млрд.; 2012 жылы - $2,173 млрд.; 2013 жылы - $2,2млрд. жоғары; 2014 жылы - $2,33 млрд.; 2015 жылы - $2,4 млрд. дейін; 2016 жылы - $2,56 млрд. дейін. 2017-2019 жылдарға арналған болжам - $2,7 млрд. дейін).

Халықаралық әскери ынтымақтастық

Соңғы жылдары Ташкент Батысжәне Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Таяу Шығыстағы бір қатар шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты жолға қойды.

Қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алумен, сондай-ақ барлық әлеуеттік құрылымдар үшін оларды пайдаланудан және кәдеге жаратудан шығарумен Өзбекстанда ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт» РМК-ға ұқсас «Узмахсусимпекс» мемлекеттік кәсіпорны (УМСИ) айналысады, 2016 жылы УМСИ шамамен 750 млн. доллар сомасына әскери мақсаттағы өнім жеткізді.

Қазіргі уақытта Өзбекстан Оңтүстік Корея қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімін белсенді түрде зерделеуде. Әсіресе Корея тарапынан шамамен 400 млн. долл. сомасына «Голден Игл» Т-50 типті 12 бірлік оқу-жаттығу ұшағын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда (Өзбекстанның қару-жарағында тұрған ескірген Л-39 «Альбатрос» ауыстыру үшін)

Әзірбайжанның қорғаныс өнеркәсібі министрлігімен Өзбекстанның қарулы күштері үшін 85-155 мм калибрьлі артиллериялық оқтарын (НАТО және РФ стандарттары) жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Өзьекстан Беларусь Республикасымен белсенді түрде ынтымақтастық жасайды. Әсіресе «140-й ремонтный завод» ААҚ (Борисов қаласы) «Узмахсусимпекс» РК-ға 2017 жылы «Кайман» типті (ББМ) қос мақсаттағы Беларусь арнайы автомобильдерін, «Пегас» типті (қарда және батпақта жүргіш) ГПМ-72 шынжыр табанды өрт сөндіру машинасын (Т-72 танкінің базасында) жинау, резина-техникалық бұйымдар дайындау, сондай-ақ кеңес дәуірінде шығарылған өзбек броньдалған танк техникасына (БТТ) сервистік қызмет көрсетуді жүргізу және оның жиынтықтаушыларын жеткізу үшін Өзбек аумағында БК құруды ұсынды.

Р есей сонымен бірге Өзбекстанға қазіргі заманғы Ресей қару-жарағының кең спектрын жеткізуді қайта жаңғыртудықолдауда. Өзбекстан Президенті Ш. Мерзиеевтің Мәскеу қаласына сапарынан кейін (2017 жылғы сәуір) әскери-техникалық ынтымақтастық айтарлықтай күшейуі мүмкін. Әсіресе Өзбекстан аумағында броньды техниканы жөндеу жөніндегі бірлескен кәсіпорындар салынып, іске қосылатын болады.

Өз кезегінде Қытай Өзбекстанның қару нарығындағы өзінің қатысын, әсіресе қару-жарақ экспорттау жолымен кеңейту жөніндегі іс-шараларды жалғастыруда. Қытай Өзбекстанға бір қатар Қытай үлгісіндегі қару-жарақты сату үшін 700 млн. долл.дейін мемлекеттік несие беру мүмкіндігін қарауда.

Осыған байланысты АҚШ пен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық аса ауқымды емес. Вашингтон 2016 жылы өтемсіз түрде Өзбекстанға 308 ірі габаритті броньды машинасын, 20 броньдалған жөндеу-көшіру машинасын, сондай-ақ 10 Ravenтипті барлау тактикалық ҰҰА-сын берген.

Қорғаныс өнеркәсібі кешені

Шет мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтумен қатар Ташкент өзінің қорғаныс өнеркәсібі кешенін жаңғыртуды жоспарлауда.

Осыған байланысты қорғаныс өнеркәсібі саласындағы бірыңғай саясатты іске асыру үшін жауапты тиісті мемлекеттік орган құру мәселесін пысықтауда, оның құрамына Қорғаныс министрлігінің барлық жөндеу кәсіпорындарын, сондай-ақ Чирчик авиациялық жөндеу зауытын және «Восток» НПО мемлекеттік кәсіпорындарын береді. Болашақта олардың қызметінің тиімділігін арттырумен бірге ғылыми-өндірістік база, сервистік орталықтар мен бірлескен кәсіпорындар құруға, сондай-ақ елдің жетекші кәсіпорындарына әскери мақсаттағы өнімнің жекелеген түрлерін жергіліктендіруді ұйымдастыруға баса назар аударуды жоспарлауда.

Өзбекстанда еркін экономикалық аумақтар базасында бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәселе қаралуда, олар болашақта дербес әскери өнім, бірінші кезекте түрлі калибрьлі атыс қаруын, оқ-дәрілер, автомобиль броньды техникасын, сондай-ақ тиісті киім-кешек пен жеке қорғану құралдарын шығаруға мүмкіндік береді.

Көрсетілген жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 50-70 млн. долл. бөлу көзделуде. Сонымен қатар 120 млн. долл. дейінгі сомада, соның ішінде мемлекеттік жеңілдіктер беру есебінен жергілікті және шетелдік инвестициялар тарту жоспарлануда.

Елдің үкіметі мен «Узмашпром» мемлекеттік кәсіпорыны ұлттық қорғаныс кешені үшін тиімді шарттарда шетелдік серіктестермен осындай кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін іздестіруді жалғастыруда. Осылайша 2015 жылы «Таштекстильмаш» өндірістік бірлестігінің зауытында кейбір атыс қаруының түрлерін жөндеу және Француз технологиялары бойынша оқ-дәрілер (АК-ға, 7,62мм СВД-ғажәне ПК-ға 9мм к ПМ, 5,45мм патрондары) шығару үшін цех салынды.

Ұ лттық армияны реформалау Өзбекстан Республикасын 2017-2021 жылдары дамыту іс-қимылдарының әзірленген стратегиясында көзделген.

Жалпы орташа мерзімді болашақта Ташкент әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы серіктестер тобын кеңейтуге арналған курсты жалғастыруда.

Сонымен бірге осы бағыттағы негізгі мақсат өзінің қорғаныс өнеркәсібі кешенін құру болып қалады.

 

Ақпарат көздері:

http://uzbekistan.travelcomplex.ru/archives/203

Top