Previous Next

ҚР ҚАӨМ-де байланыс құралдарын сәйкестендіру мәселелері бойынша жиналыс өтті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұловтың төрағалық етуімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасын орындау мақсатында а.ж 22 қарашада ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі Р.К. Бекжігітов пен ҚР Қорғаныс министрінің Бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы М.Ж. Майкеевтің, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Д.А. Ділмановтың, ҚР Ұлттық гвардиясы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор С.Т. нұрахметовтың және ҚР ІІМ Техникалық қызмет департаментінің бастығы Т.Т. Ахметовтың қатысуларымен жиналыс өткізілді.

Жиын барасында байланыс құралдарын сәйкестендіру мен осы бағытта ары қарай әрекет етуді жалғастыру сөз болды.

Сонымен қатар жиналыс аясында республиканың әлеуетті мекемелерін жарақтандыруға кіретін байланыс құралдарының және отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнеркәсіптері өндіретін байланыс құралдарының көрмесі өтті.

Жиналыс қортындысында байланыс құралдарын сәйкестендіру жұмыстарын ары қарай дамыту және байланыс құралдарын тапсырыс берушінің әдістік-техникалық талаптарына жауап бере алатын отандық өндірушілерден сатып алуға жәржемдесу туралы шешім қабылданды.

Top