Еліміздің қорғаныс кәсіпорындары машина жасау саласындағы үздік жаңғырту тәжірибесін зерттеуде

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындарының өкілдері «Казақмыс»  корпорациясына қарасты Қарағанды құю-машина жасау зауытында (әрі қарай-зауыт) көшпелі семинар-мәжіліске қатысты.

Шараға қатысушылар машина жасау саласындағы ең үздік инновациялық жобалардың бірі болып табылатын 2018 жылы сәтті аяқталған зауытты жаңғырту тәжірибесімен танысты.

Осы жобаны іске асыру қазіргі жұмыс істеп тұрған өндірістің есебінен жаңа өнімдер тізімін 5 мыңнан 15 мыңға дейін өсірді және ол өнімдердің 70 пайызға жуығы импорт алмастыруға мүмкіндік беріп отыр.       

Көшпелі семинар-мәжіліс барысында зауыттарды цифрлық трансформациялау, өндірістік үдерістерді цифрлауға қатысты тәсілдер мен әдістемелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары өздерінде трансформациялау үдерістерін дайындау және енгізу барысында осы озық тәжірибені  пайдалануды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс кәсіпорындарында өндірістік үдерістерді цифрландыру белсенді түрде енгізілуде, жаңа технологияларды қолданып жасалатын бұйымдардың номенклатурасы кеңейтіліп, отандық өнімдерді экспортқа шығару бойынша шаралар кешені іске асырылуда. 

 

Top