Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесу өткізді. Тараптар кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Асқар Жұмағалиев экономиканың түрлі секторлары бойынша екі ел арасында ұзақ мерзімді қатынастардың орнатылғанын атап өтіп, болашақта қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы ынтымақтастықты бұдан әрі нығайта түсу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін білдірді.

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top