ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Израиль Елшісімен кездесті

Цифрландыру, киберқауіпсіздік және Қазақстанға венчурлік инвестицияларды тарту саласындағы өзара ынтымақтастықтың келешегі кездесу тәртібінің негізгі мәселелері болды.

«Министрлік және оның ведомствоға бағынысты құрылымдары цифрландыру және инновацияларды дамыту саласындағы  жетекші елдердің озық тәжірибелерін зерделеп, үнемі назар аударып отырады.  Израиль мемлекеті осындай елдердің бірі болып табылады, онымен ынтымақтастық аясында бізді бірқатар саладағы мәселелер қызықтырады, атап айтқанда, білім беру саласындағы ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешеніндегі және экономиканың басқа да салаларындағы цифрландыру тәжірибесі", - деді Асқар Жұмағалиев кездесу барысында.

Өз кезегінде, Елші Лиат Вексельман Асқар Жұмағалиевті израильдік IT-экожүйе объектілерімен танысуға шақырып, цифрландыру саласында Қазақстанмен мемлекет тарапынан да, израильдік бизнес-қауымдастық тарапынан да өзара әріптестік орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар Израиль мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, кәсіпкерлік пен инновацияны дамытудың жоғары әлеуетін атап өтті.

 

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top