Кәсіпорынның орташа мерзімді кезеңге дамуының мақсаттары мен тапсырмалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысы негізінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына ауысты.

Кәсіпорынды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қамтамасыз ету үшін құрды және ол қару-жарақ және әскери техника мен өзге де пайдаланылмайтын әскери мүліктін импорты мен экспортын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді.

                                            

Кәсіпорын қызметінің стратегиялық бағыты

 

Қару-жарақты, әскери техниканы және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті (ПӘМ) жою, кәдеге жарату, жою арқылы тарату, қорғаныстық объектілерді жалға беру, тиісті технологияның екі ұдай қолданыстағы қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәріні, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарын, өнімдерді, жабдықтарды  өткізу (оның ішінде экспорты) және сатып алу (оның ішінде импорт).

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына елдің қорғаныс қабілеттілігін сақтауға жәрдем беруді жүзеге асырады.

 

 

Кәсіпорын қызметінің
2017-2021 жылдарға арналған мақсаты, тапсырмасы және бағыттары 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы
31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», 2015 ж. 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»,
2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауынан, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясынан шыға отырып айқындалды.

Кәсіпорынның орташа мерзімді кезеңі алдына мына мақсаттарды қояды:

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етуге жәрдем беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныстық-өндірістік кешен (ҚӨК) кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамыту.
  2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарын, базаларын және әскери бөлімдерін жедел босату.
  3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын оған тән емес қызметтен босату.

 

Министр блогы
Қ.А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

Top