Previous Next

Құрметті кәсіпкерлер!

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 18 маусымдағы №356 қаулысына сәйкес қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері айналымы саласындағы қызметтерді лицензиялау жөніндегі функциялар Инвестициялар және даму министрлігінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрлігіне берілгенін хабарлаймыз.

Осыған орай, төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз:

Байжасаров Данияр Темірұлы, тел.8(7172)749284,
эл.почта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;

Бекболат Нурболат Бекболатулы, тел. (7172) 749448,
эл.почта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілген мемлекеттік қызметтер тізімі:

"Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметттерге лицензия беру";

"Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметттерге лицензия беру";

"Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметттерге лицензия беру".

 

Top