Ресейде 2027 жылға дейін зымыран қару-жарағы экраноплан құрылады

Зымырандармен қаруландырылған «Орлан» экранопланының тәжірибелік үлгісін Ресейде 2027 жылға дейінгі кезеңде қару-жарақ мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құру жоспарлануда. Бұл туралы журналистерге РФ вице-премьері Юрий Борисов хабарлады.

«Қару-жарақтың 2018-2027 жылдардағы мемлекеттік бағдарламасында «Орлан» тәжірибелік-конструкторлық жұмысы бар, ол экраноплан жасауды көздейді. Оның тәжірибелік үлгісі осы бағдарламаның шеңберінде құрылатын болады, ол зымыран қару-жарағын қамтитын болады» - дейді
Ю. Борисов ТАСС.

Оның сөзі бойынша экраноплан Солтүстік теңіз жолын күзету үшін пайдаланылатын болады, онда инфрақұрылым әлсіз дамыған. «Ол тосқауылдайды, осы аудандарды жаба алады. Ішкі теңіздерді де: Каспий, Қара теңіз» - деп түйіндеді өз сөзін вице-премьер.    

Борисов бұған қосымша жаңа экранопланның сонымен бірге корабль экипаждарын құтқару үшін патрульдік құрал бола алатынын айтты.

Экраноплан – көп режимді кеме, ол өзінің негізгі пайдалану режимінде су немесе өзге де қабат бетінде оған үнемі жанаспай-ақ экрандық эффектіні пайдалана отырып, ұша алады. Ол ауада негізі экран эффектісін пайдалануға арналған оның ауа қанатында, корпусында немесе оның бөліктерінде туатын аэродинамикалық көтеру күшімен тұрады. Экраноплан әдетте қарапайым ұшақ ұшатын биіктіктен төмен биіктікте ұшады, бірақ корабльге қарағанда үлкен жылдамдықпен қозғалады.

ТАСС,  2018 жылғы 30 шілде.

Top