Previous Next

Ресейде спутниктерді «сөндіргіш» ұшақ әзірленуде

РИА Жаңалықтар. Ресейде әскери спутниктерді істен шығара алатын кедергі қою ұшақтары жасалуда. Бұл туралы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің дереккөзі РМА Жаңалықтар хабарлады.

«Бұл машина қағида тұрғысында жаңа борттық жабдық алады, осының арқасында ол кез келген жерүсті, әуе, теңіз нысаналарын радиоэлектрондық жаншуды жүргізе алады, қарсыластың жерде навигация мен радиобайланысты қамтамасыз ететін спутниктерін істен шығара алады», - дейді ол.  

Дереккөзінің сөздерінше бүгінгі күні эскиздік жоба дайын, жуырда тәжірибелік-конструкторлық жұмыс басталады. Агенттіктің әңгімелесушісі ұшақтың Әскери-ғарыш күштерінде  "Порубщик" Ил-22ПП-ны алмастыратын атап өтті.

«Жаңа ұшақ "Порубщик-2" деген атау алды, бірақ Әскери-ғарыш күштеріне бұл машина басқа атаумен түсетін болады. Жаңа планер болатыны сөзсіз – осындай ұшақты Ту-214 немесе Ил-76 базасында құру мүмкіндігі пысықталуда», - деп қорытындылады ол сөзін.

"Порубщиктер" әлемдегі ең тиімді РЭБ ұшағы болып саналады. Олар қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерінің радиоэлектрондық сәулеленулерін өздігінен таба алады, оларды қуатты кедергілермен жанши немесе олардың радиолокаторларының белгі берулерін бұрмалай алады. Бұл ретте Ил-22ПП-ның өз әскерлерінің радиоэлектрондық жүйелерінің жұмысына бөгет болмайтыны нақтылануда.

Top