Previous Next

Тоғыз қазақстандық кәсіпорын "Армия-2018" форумында қару-жарақтағы жаңалықтарын ұсынады

 Олар әскери және қосарлы мақсаттағы 100-ден астам заттай үлгілері мен макеттерін көрсетеді.

АСТАНА, 18 тамыз. /ТАСС/. 21-26 тамызда Ресейде өтетін «Армия-2018» Халықаралық әскери-техникалық форумында Қазақстанның қорғаныстық-өнеркәсіп кешенінің (ҚӨК) тоғыз кәсіпорны қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерін көрсетеді. Бұл туралы ТАСС тілшісіне Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қазақстандық қорғаныстық-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары дәстүрлі түрде Мәскеу облысының Кубинка қаласында өтетін «Армия-2018» Халықаралық әскери-техникалық форумында өз өнімдерін үшінші рет ұсынады. Биылғы жылы Қазақстаннан ҚӨК-тің тоғыз кәсіпорны қатысады», деп министрлік, ТАСС-ның өтінішіне жауап береді.

Қазақстандық кәсіпорындар форумда экспорттық әлеуеті бар қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін ұсынатыны атап өтілді. «Қазақстандық стенд 200 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр, отандық компаниялар әскери және қос мақсаттағы бұйымдардың 100-ден астам заттай үлгілері макеттерін ұсынады». Ұлттық көрме экспозициясында «ҚAE» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей Инжиниринг» АҚ, «Қазарнаулыэкспорт» РМК, «405 авиажөндеу зауыты» және басқа да ҚӨК саласындағы компаниялар болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Көрмеде электронды оптикалық өнімдерін шығараты «ҚAE» ЖШС н зауыт жылуға дем беру құрылғылары мен кәсіби радиобайланыс құралдарына арналған инфрақызыл линзаларын таныстыруы жоспарлануда. «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ әмбебап полигон жабдықтарын - әртүрлі көлемдегі нысандарды, басқару блоктарын, сондай-ақ радиорелелік станцияларды көрсетеді. «Семей Инжиниринг» кәсіпорны жаңартылған броньды танкілердің және әне конверсиялық техниканың Т-72, БМП және БТР-80 танктеріне негізделген жөндеу және эвакуациялық техникалық және барлау және шолу машиналарының үлгілерін көрсетеді.

 «Тыныс» АҚ «Армия-2018» форумында авиация өнеркәсібі мен әскери амуниция үшін жиынтықтаушы бұйымдар: броньды желеткелер, брондалған жүйелер, дулыға және басқа да өнімдер экспонаттайды.

РФ Қорғаныс министрлігі ұйымдастыратын «Армия-2018» халықаралық әскери-техникалық форумы «Патриот» конгрес-көрме орталығында, Кубинка аэродромында және Алабино полигонында өтеді.

Top