Previous Next

Компания Streit предлагает клон бронеавтомобиля "Тигр-М"

Бронды техниканы өндірумен айналысатын және соңғы жылдары Украинаға Spartan және Cougar бронды машиналарын жеткізумен ерекше «аты шыққан» танымал Канада-Әмірлік компаниясы Streit Group өзінің веб-сайтында өз өнімінің жаңа үлігісін - 4х4 доңғалақ формуласы бар Falcon бронды автомомбильді ұсынды. Жарнамалық фотоматериалдардан көргендей Fаlcon Ресейлік "Военно-промышленная компания" ЖШҚ ГАЗ тобының құрамына кіретін) әзірлеген және шығыраған «Тигр-М» бронды автомобилінің іс жүзіндегі толық клоны ретінде ұсынылды.

Streit Group (с) Streit Group Канада-Әмірлік компаниясының 4х4 доңғалақ формуласы бар Falcon бронды автомомбиль

Бұрынғы КСРО-дан шыққан канадалық бизнесмен Герман Гуторов басқаратын Streit Group (1991 жылы Мәскеуде Ресейге транзит-транзит машиналарын импорттау бойынша компания ретінде құрылған) қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Рас-эль-Хайма әмірлігінің еркін экономикалық аймағының технологиялық паркіндегі Streit Group Ras Al Khaimah (RAK) Manufacturing Facility кәсіпорнының негізгі өндірісін жүзеге асырады, ал жалпы әртүрлі елдерде 11 кәсіпорны бар.

Еске сала кетсек, Streit Group ресейлік өндірушілермен 2009 жылдан бері белсенді түрде бірге қызмет жасайды және өзінің бірқатар "КАМАЗ" шассиі машиналарын пайдаланады. Украиналық «АвтоКраз» ЖАҚ-пен «Streit» компаниясының ынтымақтастығына келер болсақ, соңғы уақытта бұл туралы ештеңе айтылмаған, мұнда тараптардың бір-біріне көңілі қалғандығын білдіреді деген болжам келеді. Streit-тің ресейлік Falcon бронды автомобилі бойынша өндірушімен ынтымақтастығының қай нысанда жүзеге асырылатындығы анық емес.

Streit жүргізген жарнамалық мәліметтерге сәйкес, Falcon брондалған машинасы қуаттылығы 385 а.к. болатын Cummins ISB (6.7 л) дизельді қозғалтқышымен және Allison-3000 автоматты трансмиссиямен жабдықталған және тоғыз адам, соның ішінде екі экипаж мүшесі сыйатын орны бар. ВR6 және BR7 деңгейлерінің баллистикалық қорғанысы CEN 1063 еуропалық стандарттарына сәйкес жарияланады (яғни, 10 м. қашықтықтан 7,62 x 51 мм патрондарының әртүрлі нұсқаларында).

Streit Group (с) Streit Group Канада-Әмірлік компаниясының

4х4 доңғалақ формуласы бар Falcon бронды автомомбиль

 

Материалға құқық bmpd.livejournal.com. тиесілі.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/226859_kompaniya_streit_predlagaet_klon_broneavtomobilya_tigrm.html

Top