Жеке құрам үшін түсіндіру жұмысы

14.02.2019

Патриоттық тәрбие және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық жаңғырту департаментінің бас сарапшысы Элина Паули «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-нің жеке құрамы үшін Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Э. Паули өзінің сөзінде бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімін насихаттау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті.

11.12.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу мақсатында
2018 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментіңнің қызметкері Алан Исакул «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК жеке құрамы үшін түсінідіру жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында А. Исакул елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы, алдын алу жұмыстары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы шетелдік тәжірибе туралы мәлімдеді.

Аудиторияда тақырыптық бейнеролик көрсетілді.