Бас директордың орынбасары
МАНГЕЛЬДИЕВ САБИҒАЗЫ НАҒЫМҰЛЫ
1971 жылғы 2 шілдеде туған.
Білімі:
— 1994 жылы Алматы энергетика институтын «Радиоинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған;
— 2002 жылы Қазақ экономикалық университетін «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген;
— 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясында магистр дәрежесін алған.
Еңбек тәжірибесі:
Еңбек жолы барысында келесі басшылық лауазымдарды атқарған:
— «Glotur» компаниялар тобында бөлім басшысы;
— «Nursat» компаниясында өңірлік даму департаментінің директоры;
— «AMT Kazakhstan» компаниясында коммерциялық директор;
— «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобында атқарушы директор – бас директор;
— «SMAT» компаниялар тобында басқарушы директор;
— «Самұрық-Энерго» құрамындағы «СамрукЭнергоСтройСервис» компаниясында өндіріс жөніндегі директордың орынбасары – бас директор;
— «АстанаСпецмонтаж» ЖШС директорының орынбасары;
— «Күзет» компаниялар тобында атқарушы директор.
Басшылық лауазымдардағы жалпы еңбек өтілі – 25 жылдан астам.