1995

1995 жылдың 20 қарашасында Қоғаныс министрлігінің сауда Бас басқарма негізінде «Казвоентехимпэкс» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1356 қаулысы.

1997

18 декабря 1997 жылдың 18 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Қару-Жарақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды – ҚР Үкіметінің №1771 қаулысы.

«Қару-Жарақ» РМК ҚР Қорғаныс министрлігінің «Казвоентехимпэкс» РМК және қорғаныс өнеркәсібі Комитетінің «Ұлан» сыртқы сауда компанияларының бірігуі арқылы құрылды.

1999

ҚР Үкіметінің 1999 жылы 19 наурызында шыққан № 278 қаулысына сәйкес «Қару-Жарақ» РМК ҚР Премьер – Министрі Канцеляриясының құзырына берілді және ҚР Үкіметінің 1999 жылы 13 қарашасында шыққан № 1707 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Канцеляриясының «Казарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып атауы өзгертілді.

2000

ҚР Үкіметінің № 1039 қаулысына сәйкес 2000 жылы 10 шілдеде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жекелеген сұрақтары (әрі қарай – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің басқаруына өтті.

2008

Үкіметтің «Әскери мүліктің кейбір сұрақтары» №687 қаулысымен 2008 жылы 16 шілдеде пайдаланылмайтын әскери мүліктің утилизациясы, тапсыруы және жүзеге асыруы, сонымен қатар қорғаныс объектілерінің мүліктік жалдауға (арендаға) беруі туралы жаңа Ережелері бекітілді; және 2000 жылы 10 шілдесіндегі  № 1039 қаулысына өзгерістер енгізілді.

2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы 15 ақпанында шыққан №704 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп Министрлігі туралы Ережесі» бекітіліп, соның негізінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп Министрлігінің басқаруына өтті.

2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылы 26 наурызында шыққан № 142 қаулысы негізінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп Министрлігінің басқаруына өтті.

2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылы 12 шілдесінде шыққан № 501 қаулысы негізінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің басқаруына өтті.

2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысы негізінде «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің қарамағына өтті.

2023

«Кейбір мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндеттерін орындаушының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 4 бұйрығына сәйкес Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

Кәсіпорын Қарулы Күштерді, басқа әскерлерді және жауынгерлік құралымдарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылды және қару-жарақ пен әскери техника, сонымен қатар әскери мүлік импорты мен экспорты бағыттарында жұмыс жасайды.