2020 жылғы 20 қазанда «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК Бас директоры Қайрат Саулебекұлы Нұрпейісов ұжымды Кәсіпорынның 25 жылдығымен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, Кәсіпорынның дамуы мен Егемен Қазақстанның өркендеуі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
Кәсіпорынның бірқатар қызметкерлеріне адал еңбегі, кәсібилігі, лауазымдық міндеттерін сапалы орындағаны үшін және «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-ның 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б. Атамқұловтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т.Ж. Жанжүменовтің атынан Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етілді.