2021 жылы пайдаланылмайтын мүлікті өткізу бойынша сауда-саттықты ұйымдастырғаны үшін комиссиялық сыйақының өзгеруі туралы ақпараттық хабарлама

  • Post Category:Санатталмаған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 ж. 06.11 № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы жою, сондайақ мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)
22-тармағына сәйкес, 2021 жылы пайдаланылмайтын мүлікті өткізу қызметтерін көрсету бойынша
«Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның комиссиялық сыйақы деңгейі жабық сауда-саттықтар үшін лоты сату бағасынан 10% мөлшерінде бекітілгенін хабарлаймыз.

 

Қағидалардың талаптарына сәйкес комиссиялық сыйақы Кәсіпорынның деректемелеріне сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізіледі.