Ақпараттық қауіпсіздік комитеті 2018 жылы 92 қауіпті интернет – ресурстарды анықтады

 

Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2018 жыл қорытындылары мен ағымдағы жылға міндеттері бойынша алқа отырысы барысында белгілі болды.

Интернет желісінің қазақстандық сегментін «WebTotem» жүйесі арқылы мониторингілеу нәтижесінде 2018 жылы ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (АҚК) мамандарымен ресурстың бас парағын ауыстыру (дефейс), сондай-ақ криптовалютаны (майнер) өндіру фактілері орын алған 92 веб-сайт анықталды.

Мысалға, өткен жылдың желтоқсан айында АҚК мамандарымен театрының сырттай театрдың ресми сайтына ұқсайтын жалған сайты анықталды. Оның көмегімен қаскүнемдер жалған билеттерді сатумен айналысқан. АҚК бұл инцидент бойынша барлық материалдарды алаяқтық қызметті тоқтату мақсатында ресурс-клонға қатысты барлық қажетті шараларды қолданған құқық қорғау органдарына жолдады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурда сонымен бірге Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Казнетті түрлі осалдықтарға деген мониторингпен қатар, ҚР ҰҚК бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік саласындағы архитектураны құрастыру бойынша жүйелі қызмет атқаратынын атап өтті.

«Қазіргі заман талаптарында Комитеттің негізгі міндеті жаңа аппараттық-бағдарламалық құралдарды қолдану мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнамалық базаны жетілдіру болып табылады. Тағы бір екпінді біз тұрғындар арасындағы киберқауіпсіздік мәдениетін көтеру бойынша жұмысқа бағыттаймыз, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында», — деп атап өтті.

Жеке қарастырғанда, «Ақпараттық қауіпсіздік туралы» заң жобасы құрылуда, «Киберқалқан» концепциясы құрылды, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптары қабылданды, Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесі бекітілді, сондай-ақ Ұлттық компьютерлік шабуылдарға әсер етудің дағдарысқа қарсы жоспары құрылды.

Голобурда сонымен қатар «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР ҰҚК МТҚ негізінде осалдықтар мен зиянды бағдарламалық қамтылымдарды зерттеудің толық спектрі өндірілетін сынақ зертханалары құрылғаны туралы хабарлады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қызметі барысында қабылданған осы және басқа да шаралар Қазақстанның Халықаралық Электробайланыс Одағының рейтингіндегі орындарына әсер етті. Осылайша, 2016 жылдан 2017 жыл аралығында еліміз ақпараттық қауіпсіздік рейтингінде 20 орынға көтерілді (103-ден 82 орынға).