Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында айтылған экономиканы цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, онда электрондық компоненттік база және радиоэлектрониканы құрастыру мен өндірумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Бірінші көрген объект «Гранит» арнайы құрастыру-технологиялық бюро» ЖШС («Гранит» АҚТБ) еді.
«Гранит» АҚТБ телекоммуникациялар, радиоэлектроника, автоматтандырылған жүйелер, геоақпараттық жүйелер, ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдар және басқа да салаларында түрлі бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Кәсіпорын жабық өндірістік циклге ие, бұл баспа платалардан бастап дайын жүйелерге дейін өнімдерді құрастырып, өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, компания тек ең заманауи электрондық компонеттерді қолданады.
Бұдан басқа, «Гранит» АҚТБ «Талес» француз компаниясымен бірлесіп 2017 жылдың сәуірінде «Нұр» сантиметрлік диапазон толқындырдың үш координаттік радиолокациялық станциясын жасау бойынша кәсіпорынды ашты.
Содан соң ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы «Ақпараттық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймағының («АТП» АЭА) аумағында орналасқан кәсіпорындарды көріп, «ЭлтексАлатау» IT және желілік жабдықтарды өндіру бойынша компанияның, сондай-ақ «Delta IT» заманауи байланыс құралдары мен электрондық жабдықтарды өндіру бойынша компанияның қызметімен танысты.
Қазіргі уақытта «АТП» АЭА аумағында отандық экономиканы цифрландыру аясында жетекші технологияларды ендіретін бірқатар кәсіпорын жұмыс істеуде.
«АТП» АЭА аралау барысында бұл арнайы экономикалық аймағының резиденттері болып табылатын компаниялар өкілдерімен жиналыс өткізілді. Оның барысында «ПИТ» автономды кластерлік қорының («TechGarden») Қазақстанда металл ұнтағы өндірісін жасау бойынша ағымдағы қызметі көрсетілді
«ПИТ» АКҚ «Metalysis» жетекші британдық компаниясымен бірлесіп қазақстандық шикізаттан 3D ұнтақ пен қорытпаларын өндіру мүмкіндіктерін зерттеу бойынша R&D орталығын салуда.
3D ұнтақтар жетекші әлемдік компаниялармен аэроғарыштық өнеркәсібінде қолданылады. Бай минералды-шикізаттық базасының болуы арқасында Қазақстанда наноұнтақтарды жаһанды жеткізушілер қатарына қосылу потенциалы жоғары болып табылады.
Сапардың келесі пункті ҚР ҚАӨМ сенімді басқарудағы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «КазИнж Электроникс» ЖШС еді.
Компания қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы жаңғырту мен күрделі жөндеумен, заманауи байланыс құралдары мен радиоэлектроника өнімдерін өндірумен, компьютерлік құрал-жабдықтарды жасаумен айналысады.
Іссапар соңында ҚР ҚАӨМ өкілдері «Алатау» алматылық арнайы құрастыру бюросына барып келді. Кәсіпорын әскери техника, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жөндеу және жаңғыртумен, байланыс құралдары мен телекоммуникацияларды өндіру және жаңғыртумен айналысады.