Ағымдағы жылғы 14-15 маусымда Астанада «IoT World Summit Eurasia» саммиті өтеді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігінің ресми қолдауымен «IoT World Summit Eurasia» саммиті өтеді, әлемнің ең жақсы заттар интернетінің және өнеркәсіптік цифрландыру кәсіпорындарының, сонымен қоса қалалық тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздік практикалары ұсынылатын болады.

Бүкіләлемдік Цифрлық Саммит Еуропа, Азия, АҚШ, Қазақстан Республикасы және Ресейдің, барлығы әлемнің 12 елінің қалаларынан келген өнеркәсіпшілер, фермерлер, бизнес және әкімшіліктер атынан әлемдік практиканы, технологияларды, цифрлық трансформация және жаңа бизнес модельдерге өту тәжірибесін таныстыратын  жылдың ең үздік практикалық іс-шараларының біріне айналады деп күтілуде.

Саммит бағдарламасында 35 жұмыс істейтін сандық жоба  экономиканың мынандай секторларында  ұсынылады: тау-кен өндіру, энергетика, мұнай-газ, ТКШ,  машина жасау, көлік, ақылды қалалар, агро-өнеркәсіптік кешен және т.б. 

Бағдарламаның  негізгі шаралары мынандай тақырыптарды қамтиды:

Smart қала: зияткерлік деректер мен контент жиынтығы қала элементтерінің тиімділігі мен оны басқаруды барынша көбейту үшін қалай пайдаланылады? Бұл жайлы Seoul Innovation (Сеулдің астаналық өкілдігі) бас директоры Ин Донг Чо Сеулдің (Оңтүстік Корея) нағыз технологиялық қала екенін айтады; Питер Джексон – Southern Water басты қызметкері Ұлыбританияның тәжірибесі туралы сөз сөйлейді.

Smart экология: Гент қ.  (Бельгия) стратегиялар жөніндегі бас маман Карл-Филип Коэнеграхтс Бельгия қалаларының модернизациясы және олардың абсолюттік қалдықсыздыққа шығу жоспарлары туралы айтады.

Smart өнеркәсібі және 4.0 Индустриясы: Сингапур тәжірибесін көрсетеді, өндіріс жөніндегі Сингапур консорциумы құрылтайшыларының бірі Уиллсон Дэн; РАВ АгроПро ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі бөлім басшысы Конырев Владимир АӨК-ге ақпараттық жүйені ресейлік тәжірибеге енгізу туралы айтады.

Smart агро және Интернет заттар өнеркәсібі: IoT менеджері Субраманья Пери, Monsanto (АҚШ) компаниясының тәжірибесін ұсынады.

Smart өнеркәсібі және өнеркәсіптік Заттар интернеті: Үндістан үлгісінде  IoT қолданысымен зияткерлік өндіріс ресурстардың, активтердің, процестердің ашықтығын, өнімділікті арттыруды және инвестициялардың пайдалылығын жақсартуды қалай қамтамасыз ете алады, бұл туралы Гликолс компаниясының трансформация жөніндегі бас директоры және басшысы (SAP & IT) Атул Говил айтады.

 

Халықаралық тәжірибемен қатар бағдарламада өз кәсіпорындарында заттар интернетін енгізу бойынша сәтті жетістіктерге жеткен қазақстандық компаниялардың сүбелі үлесі таныстырылатын болады.

Ұсынылған кәсіпорындардың ішінде – ҚазМұнайГаз, Тайынша Астық,  Алтыналмас, Қазақмыс, Астана Су Арнасы МҚК.

Смарт Алматы жобалары  және қалалық билік өкілдерімен және тұрғындарымен өзара іс-қимылда қаланың инновациялары туралы Алматы қаласының Даму орталығының басшылары айтады.

Қаржы инструменттері, сатумен байланысты инновациялар енгізу, қызмет көрсету саласындағы сервиске цифрлық технологиялар мен мобильді қосымшалардың әсері туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығы, ChocoFamily холдингі, GVA, Қазақстан Ұлттық Банкі айтады.

Жұмысы NarrowBand Internet of Things деректер беру технологияларына негізделген Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындарына «ақылды» санауыштар енгізу тәжірибесі туралы «Кар-Тел» ЖШС (Beeline Қазақстан) компаниясының сарапшылары айтады.

Саммит шеңберінде сонымен қатар «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ (Tech Garden) қолдауымен ұйымдастырылған Startup Day инновациялық жобалар конкурсы өтеді.

Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің жобалары конкурстық бағдарламаға қатысуға шақырылады. Конкурстың жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрайды.

Саммитке шақырылғандар ішінде жаһандық масштабтағы  жоғарғы технологиялық компаниялар бар: GE, IBM, Microsoft, Uber, Amazon, Honeywell, Google, Oracle, Siemens, сонымен қатар Ресей, АҚШ, Сингапур, Қытай, Үндістан, Германия, Ұлыбритания және т.б елдерден келген жас және серпінді дамып келе жатқан hi-tech компаниялары қатыса алады.

Саммитті ұйымдастырушы Redenex – энерготиімді және сандық технологиялар, заттар интернеті, үлкен деректер, ақпаратттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық зерттеу компаниясы.

Саммит бағдарламасы туралы толық ақпарат алу және қатысушыларды тіркеу iotsummiteurasia.com интернет-ресурсында жүргізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін Саммиттің ұйымдастыру комитетіне хабарласуды сұраймыз:

 

Тел.: +7 (495) 780 7198

E-mail: info@redenex.com