Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 ж. 06.11 № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы жою, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 22-тармағына сәйкес, пайдаланылмайтын мүлікті өткізу қызметтерін көрсету бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның комиссиялық сыйақы деңгейі
2021 жылы лотты сату бағасынан 15% мөлшерінде бекітілгенін хабарлаймыз.
Қағидалардың талаптарына сәйкес комиссиялық сыйақы Кәсіпорынның деректемелеріне сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізіледі.