ГПМ-72 шынжыр табанды өрт сөндіру машиналарын сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сатушы) 2021 жылғы 30 маусымда сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында өтетін үш ГПМ-72 шынжыр табанды өрт сөндіру машинасын (бұдан әрі – Тауар) өткізу бойынша электрондық сауда-саттық өткізілетіндігі туралы хабарлайды

Электрондық сауда-саттыққа қойылатын Тауар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (сауда-саттықтың шарттары мен нысаны) мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жарияланды

Электрондық сауда-саттық өткізу туралы қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 24-94-52, 76-83-34, факс: 76-83-39, email: info@kaspex.kz.

Сауда-саттыққа қатысушылар міндетті түрде мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталындағы жеке кабинетте өзекті ақпаратты: тұрғылықты жерін, электрондық поштасын және телефон нөмірлерін көрсетулері қажет.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 200- бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР ИИДМ МҚТК «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) негізгі құралдарға жатпайтын, оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген жылжымалы мүлікке дербес билік ететініне назар аударамыз.

Заңнның 146-бабының 1-тармағына сәйкес Кәсіпорын өз қызметінің залалсыздығын және келтірілген шығындардың толық өтелуін қамтамасыз етуі тиіс.

Мазмұдалғанның негізінде Тауар үшін ақша қаражаты Еәсіпорынның есеп айырысу шотына аударылады.

Кәсіпорынға комиссиялық сыйақы қарастырылмаған.

Сатып алғысы келетіндер Тауарды Алматы облысы, Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаев ауылы, өнеркәсіптік аймақ ауданы, 181А-құрылыс мекенжайы бойынша көре алады. 8 (727) 392-13-07 телефон нөмірі бойынша алдын ала келісу қажет.