Пайдаланылмайтын мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты жүргізу туралы хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу бойынша электрондық сауда-саттықтың өткізілетінін хабарлайды, ол 2023 жылғы 6 маусымда сағат 10:00-да www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы жою, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық сауда-саттыққа шығарылатын пайдаланылмайтын мүлік бойынша толық ақпарат (Сауда-саттық шарттары мен нысаны) мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жарияланды.

Электрондық сауда-саттық өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 570-111 іш. 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209 факс: 76-83-39, email: info@kaspex.kz.

Сауда-саттыққа қатысушылар www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының жеке кабинетінде міндетті түрде өзекті ақпаратты көрсетуі қажет: тұрғылықты жері, электрондық поштасы мен телефон нөмірлері.

Қағидалардың 22-тармағына сәйкес пайдаланылмайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушы сатушыға лотты сату бағасының 15% мөлшерінде сатушының 2023 жылғы 11. 01 № 4 бұйрығымен бекітілген комиссиялық сыйақыны төлейді.

Төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Қағидалардың 3-тарауының 41-тармағына сәйкес сауда-саттықты ұтып алған адам сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде, сондай-ақ сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда Сатып алушы өздері енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады, ол уәкілетті ұйымның иелігінде қалады.

Оны сатып алғысы келетін пайдаланылмайтын мүлікті қарауға қол жеткізуді, белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, баланс ұстаушы қарамағында баланс ұстаушы бар мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен теңгерім ұстаушы қамтамасыз етеді.

ҚР ҚМ пайдаланылмайтын мүлкін көру үшін, баланста ұстаушының аумағына кіруге рұқсаттама алу қиындық туғызған жағдайда, мына нөмірге хабарласыңыз: 8 (7172) 570-111 (вн. 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209).