Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу күнін ауыстыру туралы хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу бойынша электрондық сауда-саттық өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлайды.

 Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында болған техникалық іркіліске байланысты www.gosreestr.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларының 89-тармағына сәйкес 2021 ж. 07.07 сағат 12:00-ге белгіленген сауда-саттықтар 2021 ж. 14.07 сағат 13:00-ге ауыстырылады.