Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу бойынша жабық сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сатушы) 2022 жылғы 19 тамызда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12а 403 кеңсе, тел 8 (7172) 570-111, ішк. 201, 203, 205, 206 факс: 525 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техникасын өткізу бойынша жабық аукцион өткізу туралы хабарлайды.

Жабық аукцион бағаны көтеруге арналған сауда-саттық әдісімен, электрондық пошта арқылы өткізіледі. Жабық аукционға қатысу үшін ұсыныстар шақыруда көзделген барлық құжаттарды тіркей отырып, Кәсіпорынның электрондық auction@kaspex.kz. мекенжайына ұсынылады.

Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Жабық аукционға қойылатын пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техника бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (өтінім нысаны, өткізу тәртібі, бағаны өзгерту қадамы, лоттар тізбесі, үлгілік шарттың жобасы) Кәсіпорын жолдаған шақыруға оны өткізгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын қоса берілетін болады.

Жабық аукционға қатысуға шақырулар жабық сауда-саттыққа қатысушылардың комиссия бекіткен тізбесіне кіретін компанияларға жіберіледі.

Жабық аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 570-111, ішк. 201, 203, 205, 206 факс: 525, email: info@kaspex.kz.

Қағидалардың 22-тармағына сәйкес пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушы сатушыға лотты өткізу бағасының 10% – ы мөлшерінде сатушының 2022 жылғы 20 мамырдағы № 84 бұйрығымен бекітілген комиссиялық сыйақы төлейтініне назар аударамыз.

Оларды сатып алғысы келетін пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы тексеру үшін рұқсаттаманы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, баланста ұстаушы қарамағында тұрған мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен баланста ұстаушы қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, карантин кезеңінде өңірлердегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарын орындау қажет. Бұл ретте, әлеуетті сатып алушыларға қолды өңдеуге арналған антисептиктер және қорғаныс құралдары (бетке арналған маскалар, қолғаптар және т.б.) болуы қажет.

Порядок проведения

 

Шаг из цены в ПП РК 832