Пайдаланылмайтын мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты жүргізу туралы хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу бойынша электрондық сауда-саттықтың өткізілетінін хабарлайды, ол 2022 жылғы 1 маусымда сағат 10:00-да www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы жою, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық сауда-саттыққа шығарылатын пайдаланылмайтын мүлік бойынша толық ақпарат (Сауда-саттық шарттары мен нысаны) мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жарияланды.

Электрондық сауда-саттық өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 570-111 іш. 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209 факс: 76-83-39, email: info@kaspex.kz.

Сауда-саттыққа қатысушылар www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының жеке кабинетінде міндетті түрде өзекті ақпаратты көрсетуі қажет: тұрғылықты жері, электрондық поштасы мен телефон нөмірлері.

Қағидалардың 22-тармағына сәйкес пайдаланылмайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушы сатушыға лотты сату бағасының 15% мөлшерінде сатушының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекітілген комиссиялық сыйақыны төлейді.

Төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Оны сатып алғысы келетін пайдаланылмайтын мүлікті қарауға қол жеткізуді, белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, баланс ұстаушы қарамағында баланс ұстаушы бар мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен теңгерім ұстаушы қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі бас мемлекеттік санитрлық дәрігердің карантин мезгіліне аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты талаптарын орындау қажет. Бұл ретте, потенциалдық сатып алушыларға өздерімен қол үшін антисептик және қорғаныс құралдары (маскалар, қолғап және т.б.) болуы қажет.

ҚР ҚМ пайдаланылмайтын мүлкін көру үшін, баланста ұстаушының аумағына кіруге рұқсаттама алу қиындық туғызған жағдайда, мына нөмірге хабарласыңыз: 8 (7172) 570-111 (вн. 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209).