«Армия-2018» және «Ұлттық қауіпсіздік апталығы» форумдары бір мезгілде өткізілетін болады

2017 жылғы 7 желтоқсанда Қытай әскери делегациясының брифингінде Ресей Қорғаныс министрлігінің алдыңғы қатарлы технологияларын ғылыми-зерттеу қызмет және технологияларды қолдау жөніндегі бас басқармасының бастығы Александр Миронов келесі жылы Ресейде «Армия-2018» және «Ұлттық қауіпсіздік апталығы» форумдары бір мезгілде өткізілетіндігін жариялады.

Форумдар «Патриот» паркінде, Алабино полигонында және Кубинка әуеайлағында 2018 жылдың 21-26 тамыз аралығында өткізілетін болады.

А.Мироновтың айтуынша, форумдарды өткізуге дайындық аясында ұлттық экспозициялардың санын көбейту және шетелдік әзірлеушілер мен әскери және қос мақсаттағы өнімдерді өндірушілердің географиясын кеңейту жоспарланып отыр. Форумдардың демонстрациялық бағдарламасында Ресейдің барлық әлеуетті ведомстволарының қару-жарақ, әскери және арнайы жабдықтарының заманауи модельдерінің, сондай-ақ әскери және қос мақсаттағы өнімдерді шығаратын ресейлік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін ұсынады. Сонымен қатар, Кубинка әуеайлағында авиациялық техниканың динамикалық көрінісін кеңейту, соның ішінде шетелдік пилотаж топтарын тарту және Патриот паркінің атыс орталығында атыс қаруының мүмкіндіктерін көрсетуді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Форум барысында шетел мемлекеттері өкілдерінің Ресей Қорғаныс министрлігінің, Ресей Федерациясының басқа федералдық атқарушы билік органдарының басшыларымен және Ресей қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өкілдерімен келіссөздер мен кездесулер өткізу күтілуде. Форумға қатысуға ресми шақыруды шет мемлекеттердің 130 астам қорғаныс ведомстволарына жіберу жоспарланып отыр.

 

Дереккөз: http://www.armstrade.org/includes/periodics/news/2017/1208/100544507/detail.shtml