Астанада «KADEX — 2018» V халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды

2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында мерейтойлық V Халықаралық «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өтті.

Көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, БАӘ, Түркия, Иордания, Египет, Израиль, Италия, Монголия және басқа да елдердің ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік саласындағы 48 ресми делегациясы, ҚӨК шетелдік жетекші компанияларының 108 жетекшісі қатысты.

Экспонент ретінде Көрмеде Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінен 318 компания өз өнімдерін ұсынды.

Көрмеде әлемнің жетекші өндірушілернің қару-жарақ және әскери техника, әскери және екі мақсаттағы өнімдері, ғарыш техникалары мен технологияларының үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелер ұсынылды. Көрмеге қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш қызметі саласындағы отандық және шетелдік кәсіпорындар, жетекші конструкторлық бюролар, ақпараттық қауіпсіздік саласындғы ғылыми-зерттеу институттары қатысты.

«KADEX – 2018» көрмесінің келушілері қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктерімен және келешегі бар ғылыми жаңалықтармен, сонымен бірге ашық көрме алаңында қойылған 124 бірлік құрлық техникаларымен, 18 бірлік әуе және ұшқышсыз үшатын техникаларымен, сондай-ақ Түркия, Қытай және Ресейдің 3 ұлттық павильондарымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнологиялар» АҚ сияқты қазақстандық ксіпорындардың павильондарымен, одан басқа алғаш рет ғарыштық салаға арналған павильондағы ғарыштық саладағы озық әзірлемелердің үлгілерімен танысты.

Көрме шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық конференция — «Advanced Def Tech» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия, Белоруссия және басқа елдердің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешені (ҚӨК) компаниялары, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар әскери-техникалық ынтымақтастықты тиімді дамытудың өзекті мәселелерін, қорғаныс-өнеркәсіп саласын жаңғыртудың стратегиясы мен механизмдерін, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. 

Конференцияда қорғаныс өнеркәсібінің ірі өндірушілері брондалған техниканы және дүркіндетіп атудың реактивті жүйесін жаңғырту, брондалған доңғалақты көлік құралдарын және ұшқышсыз ұшатын аппараттарды өндіру саласындағы заманауи әзірлемелер бойынша жобаларды ұсынды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша аймақ елдерінің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы қорытынды шешімге қол қойылды.

Бұдан басқа, «KADEX-2018» алаңдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін қорғау мәселеріне арналған «CYBERANDDIGITALSECURITY» ақпараттық қауіпсіздік бойынша конференция өткізілді.

Конференцияны Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов ашты.

Конференцияда Жапония, ҚХР, Малайзия, Иордания, Пәкістан, Белоруссия ұлттық реттеушілерінің өкілдері баяндама оқыды.

Сондай-ақ конференцияға әлемнің 14 елінен 28 ұйым өкілдері (Қазақстан, Ресей, Иордания, ҚХР, АҚШ, Беларусь, Малайзия, Франция, Пәкістан, Жапония, Израиль, Түркия, Бельгия, Монғолия) қатысты.

Бұл шараға орталық мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, шетелдік және отандық компаниялардың 514 өкілі қатысты.

«KADEX-2018» көрмесінің аясында алғаш рет ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдардың 500-ден астам ғарышкерлердің, атақты ғалымдардың өкілдері мен ғарыштық технологиялар саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың мамандары қатысқан «Қазақстандағы ғарыш күндері: Қазғарыштың 25 жылдығы» атты Халықаралық форум өткізілді.
20-дан астам ел ұсынды.

«KADEX-2018» барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов Түркия Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус Караосманоглумен және Түркия Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің басшысы Исмаил Демирмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық және келешегі зор жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқылады.

Сондай-ақ, KADEX-2018 алаңында Израиль Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық экспорттау агенттігінің директоры Мишель Бен-Барухпен кездесу өтті, онда тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесулерде Жапонияның «JAXA» аэроғарыштық зерттеу агенттігінің президенті Хироши Ямакава ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Виталий Вовк, Беларусь Республикасының Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы Олег Двигелев, Греция Қорғаныс министрі Камен Панаайис, Испания Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Августин Конде Бахен, Корольдік географиялық орталықтың бас директоры бригада генералы Ауни Хасауна, Гвинея қорғаныс министрі Мохамед Дианэ, Оман Сұлтаны Бас штабы бастығының орынбасары Шамис Аль-Хабсимен кездесулер өтті.

Келіссөздер барысында екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастықты дұрыстау және дамыту, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара әрекет мәселелері талқыланды.

Павильондарға бару барысында, сондай-ақ Ресейдің (Алмаз-Антеи Концерні, «Объединенная авиастроительная корпорация», «Уралвазозавод»), Белоруссияның (558 авиажөндеу зауыты, «Системы управления — Агат» ААҚ), Италияның («LEONARDO» холдингі), Түркияның («MILSOFT», « STM», «OTOKAR» компаниялары) ірі қорғаныс кәсіпорындарының басшыларымен келіссөздер өткізілді.

Көрмеде 10 павильон орнатылды оның ішінде Түркия, Қытай және Ресейдің ұлттық павильондары, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнологиялар» АҚ қазақстандық кәсіпорындардың павильондары орнатылды, сонымен қатар, алғаш рет ғарыш өнеркәсібіне арналған павильон орнатылды, онда ғарыштық саладағы алдыңғы қатарлы әзірлемелердің үлгілері ұсынылған.

«KADEX-2018» көрмесінде Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және Түркия Республикасы өздерінің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешені, аэроғарыштық және киберқауіпсіздік саласындағы әзірлемелері бар ұлттық павильондарын ұсынды..

Көрмедегі ресейлік павильонның алаңы 2224 ш.м. құрайды, мұнда
58 компания ұсынылған. Өздерінің жаңалықтарын
«Вертолеты России» холдингі, «Ростех» мемлекеттік кешені, «Рособоронэкспорт» АҚ, «НПО «Высокоточные комплексы» ААҚ, Біріккен авиақұрылыс корпорациясы, Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Информационные спутниковые системы» акционерлік қоғамы, «ГКНПЦ им. М.В. Хруничева» АҚ және басқалар ұсынды.

Түркияның павильонында мынадай 21 қатысушы компания орналасқан: ASELSAN ELEKTRONIK SANAYI VE TIC.A.S., AVS, BMC OTOMOTİV SANAYİ VE TİCARET A.Ş., DEARSAN GEMİ İNŞ SAN A.Ş., DESAN, GARANTİ GİYİM, GİR-SAN Makina ve Hafif Silah San. Tic. A.Ş., HAVELSAN, HOYTEK BILGISAYAR LTD., İŞBİR, MILSOFT, OTOKAR, ÖZTEK, SİMSOFT, SSM/SSİ, STM, TAIS, TURMAKS, TUSAŞ, TÜBİTAK BİLGEM, UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., TEKNOLOJİ MÜH.          

Қытай Халық Республикасы павильонында 20 компания орналасқан.
Оның ішінде, «
Великий поход» компаниясы, әскери және азаматтық ұшақтарды, борт қару-жарағы мен жер үсті жабдықтарын өндіруге маманданған CATIC қытай корпорациясы, «NORINCO» Қытайдың солтүстік өнеркәсіптік корпорациясы. Сондай-ақ Қытай павильонында қорғаныс электроникасы мен киберқауіпсіздік саласындағы кәсіпорындар бар.

Көрменің қорытындысы бойынша әскери-техникалық ынтымақтастықты, елдің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін, ғарыш қызметі мен киберқауіпсіздік саласын дамытуға және нығайтуға бағытталған 300 млрд. теңгеден астам сомаға 100-ге жуық меморандумдар, келісімшарттар, келісімдер мен хаттамалар жасасылды.