Астанада кибершабуылдарға қарсы күрес және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады

Астана қаласында 2018 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнекәсібі министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық қауіпсіздікті бақылау орталықтарын құру және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл тәжірибесі» тақырыбында SOC-FORUM 2018 өткізіледі.

SOC-Форум ақпараттық қауіпсіздікті бақылау орталықтарын құру және пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылаудың тиімді алаңы болып табылады.

Іс-шара келесі бөлімдерден тұрады:

— Өз SOC, қадам мен қадам; 

— SOC: технологиялар; 

— SOC: процестер мен адамдар; 

— SOC құралдарымен инциденттерді анықтау және алдын-алу тәжірибесі.

Форум барысында кәсіптік қауымдастық өкілдері АҚ қауіпқатерлеріне мониторинг және ден қою орталықтарын құру, пайдалану және өзара іс-қимылдарына қатысты мәселелері талқыланатын баяндамаларын ұсынады.

Іс-шараға жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылған.

«SOC» термині болып (ағылшын Security Operations Center) Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы оқыс оқиғаларға мониторинг және ден қою орталықтарының жұмысы түсініледі.

Толық ақпарат және қатысушылардың тіркелуі soc-forum.kz интернет-ресурсында өткізілуде.