«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Otokar» түрік компаниясы көлік құралдары, оның ішінде броньді машина өндірісі бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Ол туралы Меморандумға 23-мамыр күні Астана қаласында екі кәсіпорынның басшылары Әсет Құманғалиев пен Сердар Гёргюч V Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында қол қойды.
«Otokar» кәсіпорны Қазақстанда көлік құралдары мен броньді техникаларды өндіруге ниетті. Осыған орай, технологиялық аумақ ретінде «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін зауыттардың бірі қарастырылмақ. Біріккен кәсіпорын автотехникаларды жинауды жүзеге асырады және жобайлайды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, тараптар қазіргі кезде Қазақстанда пайдаланылып жатқан түріктік броньді машиналарды сүйемелдеуді, жөндеуді, жаңартуды жүзеге асыруға ниетті.
Қол қою шарасынан кейін «Otokar» кәсіпорнының Бас директоры С. Гёргюч бекітілген меморандум түріктік тараптың Қазақстанда жұмыс істеуіне ықпал етіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат бірлескен өндірісті ұйымдастыру мен инжинирингтік орталықты құруда «алғашқы қадам» болып табылады.
Өзара ынтымақтастықтың алғашқы қадамында техникалық-экономикалық негіздерді әзірлейтін, бірлескен жобаның бизнес-жоспарын құратын, согымен қатар технологиялар тарнсферті мен инттлектуалды меншік мәселелерін өтейтін дұмыс тобы құрылады.
«Otokar» қорғаныс кәсіпорны Қазақстанда ірі түріктік инвесторлардың бірі ретінде танылған Түркиядағы финанстық-өндірісіті ірі кәсіпорын – «Koç Holding» конгломератының құрамына кіреді.