«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Буревестник» ЦНИИ және «ЗКМК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.

Тараптар 30-мм қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модульді бірге жобалауға және өндіруге келісті. Аталған жауынгерлік модуль «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС шығарып отырған броньды дөңгелекті машиналарына қондырылады деп жоспарланып отыр. Жобалау жұмыстары биылғы жылы басталады.

Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС және «Буревестник» ЦНИИ алдыңғы «KADEX» көрмесінде бірлескен «АУ-220М» жауынгерлік модуліндегі 57-мм автоматтық зеңбірегі орналасқан «Барыс 8х8» БТР көрсеткен болатын. Сонымен қатар, «ЗКМК» АҚ екі жылдан астам «Арлан» броньды машиналарына 12-мм зеңбірегін жасауда.