Ақпараттық қауіпсіздік және электрондық өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 221 қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалды.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтының негізгі міндеттері: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу, саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыру болып табылады.