Қазақстанда отандық «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорынының өнімі «Барыс» 8х8 дөңгелекті формуласындағы бронетранспортеріне (БТР) көрсетілімдік сынақтары басталды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің сарапшылары қыстағы төтенше табиғаттық-климаттық жағдайында сынақтар өткізіп жатыр. Сынақ бағдарламасы бойынша күндіз және түнгі уақытта штаттық қару-жарақтан ату көзделген.
Бронетраспортерге электронды-оптикалық өнімдер шығаратын қазақстандық «КАЕ» зауыты мен түріктің «ASELSAN» компаниясымен бірлесіп жасаған 30-мм автоматты 2А42 зеңбірегімен тұрақтандырылған мұнарасы және қосарланған 7,62-мм ПКТ пулеметі орнатылған.
Озық технологиялық шешімдерді қамтыған жаңа бронетранспортер «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС мен оңтүстік африкалық «Paramount Group» компаниясының бірлескен тәжірибелік-конструкциялық жұмыстарының қорытындысы.
Броневик көпмақсатты, икемді және баллистикалық, минаға қарсы қорғанысы жоғары талаптарға ие.
«Барыс 8х8» алғашқы рет 2016 жылы Астанада өткен IV-ші Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық «KADEX» көрмесінде көрсетілген болатын.