Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсырды

Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсырды

28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсыру салтанаты өтті. Бұл борт Тәжікстандағы Airbus Helicopters алғашқы тікұшағы болып табылады. Тікұшақты «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС (50%) мен Airbus Helicopters компаниясы (50%) бірлесіп жинады.

Еурокоптер зауытында өткен тікұшақты тапсыру салтанатына Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, Airbus Helicopters, Қазақстан инжиниринг, KazakhExport компаниялары басшылығының, әлеуетті/қазіргі тапсырыс берушілердің өкілдері қатысты.

«Бүгін ұсынылған тікұшақ – өз класындағы басқа бір қозғалтқышты тікұшақтардан асып түсетін сенімді және заманауи машина. Бұл модель Эверест тауына ұшу мен қонуды орындап, әлемдік рекорд орнатты», — деп өз сөзінде вице-министр атап өтті.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру ««KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қатысуымен, қаржыландыруымен, қолдауымен мүмкін болғандығын айта кету керек.

Анықтама үшін: «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС – Airbus Helicopters тікұшақтарын сатумен, ЕС145, Н125, Н130 тікұшақтарын өндірумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен, сондай-ақ, техниктер мен ұшқыштарды орыс және ағылшын тілдерінде оқытумен айналысатын ТМД және Орталық Азия елдеріндегі жалғыз кәсіпорын.

Тікұшақтардың ұшу жарамдылығын қолдау, сондай-ақ, оларды жөндеу және техникалық қолдау қызметтерін көрсету мақсатында зауыт жанынан сервистік орталық ашылған болатын. Орталық кәсіпорынның қоймасындағы бөлшектер  мен құрал-саймандардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мұнда жоғары технологиялық жабдық та бар. Білікті мамандардың жедел қызмет көрсетуі  сапа, өндіріс және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді.