Белоруссияда жаңа жер үсті ұшқышсыз ұшатын аппаратты жасады. «Белспецвнесштехника» компаниясы жасаған қолданыстағы прототиптің дайын нұсқасын осы жылғы қазан айының басында ӘӘК мен ӘШҚҚ 174-ші жаттығу базасының полигонында көрсетті, -деп хабарлайды Jane’s.
Белорустық қару жасаушылар ұсынған роботтандырылған жүйесі «Берсерк» атауын алды. Әзірлеушілердің өтініші бойынша машина оператордың басқарумен және өздігінен, бағдарламаланған бағыттар бойынша да жұмыс істеуі мүмкін. Бағдарламаланатын нұсқасы 24 сағаттық жұмыс режимін, робот қадағалау және жауды анықтау бағыты бойынша өздігінен жүруді көздейді. Оператордың басқаруымен робот басқару панелінен 5 км дейін қашықтықта жұмыс істей алады. «Берсерк» өздігінен жүретін қашықтан басқарылатын бақыланатын шыңжыр табанды шағын-шасси негізінде жасалады, ол 5 км/сағ жылдамдықпен қиылыспалы жерлермен қозғалуға қабілетті.
«Берсерк» роботы.
Сурет дереккөзі: Белспецвнештехника
«Берсеркте» тәуліктің әр түрлі уақытында жұмыс істеуге арналған екі түрлі түсті бейнекамералар мен екі жылуға дең қойғыш қоса алғанда, төрт қадағалау құрылғысы бар. Бейнебақылау жүйесін пайдалану арқылы робот адамды 2 км қашықтықта, брондалған автокөлікті — 6 км, тікұшақты — 10 км қашықтықта анықтай алады.
1979 жылы Тула машина жасау жобалау бюросында құрастырылған 7,62 мм ГШГ-7.62 калибрлі екі төртоқпанды авиациялық пулеметпен жабдықталған. Талап етілген жою диапазоны: 300 км/с жылдамдықпен қозғалатын әуе нысандары (ұшқышсызды қоса алғанда) — 5 км; қарсыластың жаңды күші — 1 км.
Дереккөзі:
https://vpk.name/news/234766_belorusskie_oruzheiniki_pokazali_novyii_robotizirovannyii_kompleks.html